Бейсенбі, 5 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Рәміздер – елдігімнің мақтанышы, ұлттық теңге – елдігіміміздің айғағы

21 Маусым, 2023
Рәміздер – елдігімнің мақтанышы, ұлттық теңге – елдігіміміздің айғағы
2
БӨЛІСУ
22
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жуырда Жаркент қаласының Жауынгерлік даңқ музейінде 4 маусым-«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мемлекеттік мерекесіне» арналған «Рәміздер тарихы – елдігімнің мақтанышы» және төл теңгеміздің 30 жылдығына арналған «Ұлттық теңге – тәуелсіз елдігіміздің айғағы» атты атты мерекелік шаралар салтанатты жағдайда өтті.

Мерекелік шараға Жазиралы Жаркент жеріндегі зиялы қауым өкілдері, аудандық атқарушы орган, жергілікті әскери бөлімнің, мәдениет, білім беру, музей қызметкерлері, жергілікті өнерпаздар, балғын өнерпаздар қатысты.

Музей ауласы мерекелік шараға сай көркем безендіріліп, алты қанат қазақ үйде кітап көрмесі көз тартатын көрініс беріп көз қуантты десек болады. Ұлттық киім киген жүргізушілер мерекелік шараны ашық деп жариялаған соң салтанататты жағдайда мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды.

«Рәміздер-тарихы елдігімнің мақтанышы» атты мазмұнды баяндаманы Жауынгерлік даңқ музейінің меңгерушісі, белгілі тарихшы ұстаз Қали Ибрайымжанов жасады. Жазиралы Жаркент жерінің жеріміздің шынайы тарихын зерттеп, жоғымызды түгендеп жүрген ұлтжанды абзал азамат Қали Тұрдығазыұлы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңның 2007 жылы 4 маусымда қабылданып, осы күн қазақ елінің тарихында мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келе жатқанын атап көрсетті. Ол өз сөзінде Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік әнұранның қазақ мемлекетінің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екенін атап өтіп, атрибуттардың әрқайсысының ерекшелігіне тоқталып, оларға қысқаша түсінік беріп өткен соң  қатысушыларды рәміздер күні мерекесімен және төл теңгеміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтап, өз ізгі лебізін білдірді.

Өз кезегінде зиялы қауым өкілдері Б.Жақыбаев, Қ.Бейсебай, М.Нұрсейіт, зейнеткер ұстаз Б.Көбенбаев, аудандық атқарушы органнан Н.Алимов, «Халық Банкі» АҚ басқарма басшысы Амангелді Мирас, 74261 әскери бөлім командирінің орынбасары Б.Дауренбеков, Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы С.Шәбеков айтулы меркелермен қатысушыларды, барлық аудан тұрғындарын құттықтап, ізгі лебіздерін білдіріп, осындай ауқымды һәм тарихи маңызы зор шараны ұйымдастырған Қали Тұрдығазыұлының еңбегіне ерекше ықыластырын білдірді.

Аудан көркемөнерпаздар үйірмелерінің, жеке орындаушылардың және балғын өнерпаздардың өнерлеріне қатысушылар дуылдата қол соғып, ерекше қолдау көрсетті. Мың бұралған би, жан тебіренткен әсем әуен сазы мекеме ауласын думанға бөлеп, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Айтулы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысқан және әрқашан осындай мемлекеттік маңызы бар мерекелерде бірлесе қол ұшын созатын азаматтар мен салалық қызметкерлерге іс-шараның басты ұйымдастырушысы Қали Тұрдығазыұлы «Жетісу облысының М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі» МКҚК директоры Р. Аязбаеваның «Құрмет грамотасын» және барлық келген құрметті қонақтарға музей мекемесінің естелік сыйлығын салтанатты жағдайда табыстады. Келген көпшілік аудандық және қалалық кітапхана ұжымдары ұйымдастырған кітап көрмесін де ерекше ынта-ықыласпен тамашалап рухани жан дүниелерін одан әрі байыта түсті.

Мерекелік шара соңы естелік суреттерге тусумен аяқталды. Рәміздеріміз бен төл теңгемізге деген құрметтің елімізге деген құрметтің, шынайы Отансүйгіштіктің, ұлттық патриотизмнің үлпетті үлгісі екені көпшілік көңілінен берік орын алды десек әбден болады.

Бекмұхамет СЕРІКБАЕВ,

Қазақстанның Заңгерлер және

Журналистер одағының мүшесі.

Алдыңғы мақала

Ынтымағы зор елдің ырысы мол

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Киелі топырағы Жаркенттің, Талай текті ерлерден қалған өңір»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
708
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.