Астанада референдум учаскелерінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық сайлау учаскелерінде қала тұрғындары мен отбасылары үшін ерекше акция ұйымдастырылды. Бұл бастама, әсіресе ата-аналарымен бірге келетін балалар үшін мерекелік және достық көңіл күйді орнатуға бағытталған, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Кәсіби суретшілер бүлдіршіндерге түрлі-түсте жануарлар мен кейіпкерлерді бейнелеп бере алады. Бұл ата-аналардың дауыс беруі үшін уақыт бөлудің тамаша тәсілі болды.
Бүгінгі күн біз үшін ерекше болды. Сайлау учаскесіне балалармен бірге еліміздің болашағына үлес қосу үшін келдім. Балалар аквагримге қуанады әрі осындай жарқын және түрлі-түсті суреттер көңіл-күйді көтереді. Бұл жай ғана дауыс беру емес, бұл нағыз отбасылық мереке, — деді елорда тұрғындарының бірі өз әсерімен бөлісті.