Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Реттеудің жаңа тетігі дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді

21 Қаңтар, 2025
Реттеудің жаңа тетігі дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді
2
БӨЛІСУ
19
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Қазақстанда ТМККК, МӘМС шеңберінде ем алатынпациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханалардың бөлшек сауда желісінде сатылатын препараттардың шекті құнын төмендетуді көздейтін дәрілік заттардың бағасын реттеудің жаңа тетігі жұмыс істейтін болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі барысында.

Дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету құралдарының бірі бұрын дәрі-дәрмектің құнына енгізілген қосымша шығыстарды алып тастау болады: маркетинг (30%-ға дейін), көлік (15%-ға дейін) және сапаны бағалау шығындары.
Үстеме бағалардың регрессивті шкаласын қайта қарау нәтижесінде оларды қолдану шегі айтарлықтай төмендеді: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме сату үшін – 25%-ға дейін, ал бөлшек сауда үшін — 30%-ға дейін (бұрын 55%-бен салыстырғанда).
Реттеу, шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларының жаңа редакциясында генериктерге бағаны бастапқы дәрілік зат бағасынан 30 %-ға төмендету көзделген.
Егер бастапқы препарат нарықта болмаған жағдайда, отандық аналогтың шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспауға тиіс. Мұндай саясат бәсекелестікті ынталандыруға және барлық тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ете отырып, отандық өндірушілер үшін жағдайларды жақсартуға мүмкіндік береді.
Жүйенің ашықтығын арттыру үшін мемлекеттік ақпараттық порталдармен, атап айтқанда, Мемлекеттік кірістер комитетімен интеграция енгізілетін болады. Бұл шара дәріханалардың кедендік декларациялары мен кассалық чектерінің деректерін мониторингтеу арқылы дәрілік заттардың бағасын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, референттік елдердің тізімі қайта қаралды: 16-ның орнына Түркия, Ресей, Польша, Беларусь және басқалары сияқты экономикалық жағынан салыстырмалы 10 мемлекет кіреді. Бұл әлемдік тәжірибені ескере отырып, бағаларды дәлірек және өзекті талдауға мүмкіндік береді.
Ержан Нұрлыбаев атап өткендей, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық бастамалардың негізгі міндеті — бұл дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін тежеуге, нарықтың ашықтығы мен әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баға белгілеудің тиімді тетіктерін қалыптастыру.
Вице-министр сондай-ақ фармацевтикалық нарықта дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, Жол картасы шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттардың бағасын кезең-кезеңімен реттеу жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатқанын еске салды. Осылайша, 2023 жылы бәсекелестік ортаға рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 302 атауы, ал 2024 жылы – рецептсіз сатылатын дәрілік заттардың 952 атауы шығарылды.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды және үстеме бағаны реттеу, қалыптастыру қағидаларына тиісті өзгерістер (бұдан әрі – Қағидалар) қазірдің өзінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген.

Алдыңғы мақала

Ұзындығы 302 шақырым «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жетісу өңірінде «Еңбекпен ер атанған» көш керуені өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.