Панфилов ауданы Қазынашылық басқармасының басшысы Сүлейменова Светлана Сүлейменқызы айтулы күнде аудан жұртшылығы сайлауға белсене қатысады деп сенім білдіреді.
«Азаматтық, демократиялы қоғамның айнымас бір бөлігі бұл – сайлау. Сайлауға қатысу және өз таңдауыңды жасау мемлекет болашағына жауапты екеніңді түсіну деп білемін. Сондықтан да аудан жұртшылығын, өзімнің жерлестерімді сайлауға белсене қатысуға шақырамын», – дейді Қазынашылық басқармасының басшысы.