Жауынгерлік Даңқ музейінің қызметкері Сұлтанов Шалқар Асқатұлы Жетісу тұрғындарын сайлауға баруға үндейді.
«Құрметті Жетісулықтар! Мен баршаңызды 20 қарашада өтетін сайлауға бір адамдай қатысуға шақырамын. Халық өз тағдыры өз қолында тұрғанын түсінуі керек. Және де өз болашағын өзі қалыптастыратынын да естен шығармайық. Сол үшін сайлауға барып, өз болашағымызды таңдайық».