Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Сүйінбай атындағы филармонияның әншісі Абылайхан Қармысов Жетісу жұртын 20-қараша жексенбіде өтетін саяси додадан тыс қалмауға шақырады.
«Әрине, біз әнші болғаннан кейін саясаттан жырақтау жүреміз. Дегенмен де осы елдің азаматы, электораты ретінде елімізді білімді, білікті, халыққа адал басшы басқарғанын қалаймыз. Сол себепті де Президент сайлауына белсене қатысуымыз керек. Өйткені сайлау – біздің мүмкіндігіміз, ол біздің заңды құқығымыз. Біздің таңдауымыз – өзіміздің, балаларымыздың, болашақ ұрпақтың өмір сүрер кезеңі екенін естен шығармайық», – дейді Дәнеш Рақышевтің төл шәкірті.