Жетісу облысына қарасты Текелі қаласының орталық ауруханасында кішкентай періште дүниеге есігін ашты. Салмағы − 2,5 келі.
«Біз ұлымның осындай маңызды күні дүниеге келгеніне қуаныштымыз. Бұл менің 5-ші балам. Алланың қалауымен мерзімінен бұрын босандым. Біз салмақ қосып, денсаулығымыз жақсарғанша дәрігерлердің бақылауында боламыз. Мен дауыс беріп үлгердім, ол үшін перзентханада жатқандарға жағдай жасалған. Осылайша, перзентхана қабырғасында отырған жас аналар да, болашақ аналар да азаматтық борышын өтей алады», дейді көп балалы ана Аяулым Бақытқызы.