Қазақстан білім беру ісінің үздігі Қапиза Самықжанова 2022 жылдың 20-қарашасында болатын Президент сайлауына белсенді қатысуға үндейді.
«Құрметті аудан тұрғындары! Сайлау — бұл әр азаматтың өз ойын еркін білдіретін ашық алаң! Өз ойларыңызды үйде, ошақ түбінде білдірмей, саналы түрде сайлау участоктарына келіп, таңдауларыңызды жасаңыздар! — дейді зейнеткер ұстаз.