17-18 наурыз күндері сайлау заңнамасын бұзғаны үшін 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үшеуі мәжіліс депутаттарының сайлауы бойынша тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы мәлімдеді. Бұған дейін саяси науқан жұмысы бойынша жалпы 37 заңбұзушылық фактісі анықталған. Басым көпшілігі сайлау күні қарсаңында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген болып шықты.
Назым Қайрат
qazaqstan.tv