«Мен Маштеев Бақдәулет Оспанғалиұлы, бүгінгі еліміз үшін маңызды күнде, яғни ҚР Президентінің сайлауында №730 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының атынан байқаушымын. Сайлау учаскесі уақытылы ашылды, толық жұмыс барысына кірісті. Сайлау учаскесіне таңнан тұрып, алғашқы болып дауыс берген азаматтар өте көп. Сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдап жатыр. Сайлау коммисиясының жұмысы жоғары деңгейде. Бүгінгі күн — ертеңгі тарих. Сондықтан да бүгінгі сайлаудың әділ және ашық өтуін бақылайтын боламын» — дейді Бақдәулет Оспанғалиұлы.