Жұма, 6 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек ретінде киіз үйлер жіберді

23 Мамыр, 2024
«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға көмек ретінде киіз үйлер жіберді
3
БӨЛІСУ
36
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«Салиқалы ұрпақ» қоры су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға киіз үйлер жіберді. Халықтың сұранысына орай сатып алынған жылу Арқалық қаласына қарасты «Екідің» және «Қызыл жұлдыз» елді мекендеріне жөнелтілді. Қостанай өңіріндегі бұл ауылдарды су басып, үйлер қирап, шарасыз қалған халық түгел көшірілген еді. Сондықтан, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының мүшелері жергілікті тұрғындардың жан-айқайын тыңдап, қандай мұқтаждық басым екендігін біліп, жағдайды көзбен көру үшін осы ауылдарға арнайы барған еді. Уақытша паналайтын киіз үй сұраған халықтың тілеуі көп ұзамай орындалды.

«Су тасқынының салдарынан тірнектеп жинаған барлық дүние-мүлкінен, малынан айырылған халықтың жағдайы әлі күнге дейін күрделі екендігіне көзіміз жетті. Тұрғындардың көпшілігі паналайтын орын таппай қиналып отыр екен. Сондықтан, көптің тілеуі — киіз үй болды. Біз, яғни «Салиқалы ұрпақ» қоры жиналған халыққа уәде етіп, бірден тапсырыс бердік. Тапсырысымыз уақытында дайын болып, мінекей, бүгін киіз үйлерді ауыл ішіне құрып, халыққа табыстадық, сөзімізде тұрдық. Бастысы, киіз үйлердің сапасына мән бердік. Барлығы талапқа сай жасалды. Жергілікті халық ризашылығын, шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», — дейді ғой. Сондықтан, қандай қиыншылық болса да, халықпен бірге болайық», — деді «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков.

Еске салайық, су тасқыны кезінде Арқалық қаласына қарасты «Екідің» және «Қызыл жұлдыз» ауылының тұрғындары тікұшақтың көмегімен қауіпсіз аймаққа, Арқалық қаласындағы эвакуациялық пункттерге көшірілген еді. Жалпы, қала аумағындағы су басқан ауылдарда 87 үй, ал тек Екідің ауылының өзінде 38 баспана тұруға жарамсыз деп танылған. Бүгінде жаңа үйлердің құрылысы басталып, халыққа бірте-бірте өтемақы төленіп, шығын өтеліп, кәсіпкерлер тарапынан да тиісті көмек көрсетіліп жатыр.

Алдыңғы мақала

«Климат күте алмайды»: Экологиялық іс-шара және Балқаш көлі жағалауындағы құмда шаңғы жарысы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда балалар күні қарсаңында тазалық акциясы ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
708
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.