Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Сенат төрағасы: Референдум – Қазақстан дамуының тарихи кезеңі

4 Наурыз, 2026
Сенат төрағасы: Референдум – Қазақстан дамуының тарихи кезеңі
1
БӨЛІСУ
15
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорғанда Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.

Сенат Төрағасы мәслихат депутаттарымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірдегі өкілдерімен жүздесуде 15 наурыз күні референдумда қазақстандықтар ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтынын атап өтті. Ол конституциялық реформа елдің орнықты дамуы, демократиялық қағидаттарды нығайту және саяси жүйені кешенді жаңғырту жолындағы стратегиялық әрі тарихи қадам екеніне баса мән берді. Сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістер Мемлекет басшысы бастамашы болған жаңғыртулардың дәйекті жалғасы екені айтылды. Палата Спикері бұл іргелі реформалар заманауи әрі тиімді мемлекеттік басқару үлгісін қалыптастыруға және билік институттарын жүйелі түрде трансформациялауға арналғанына да тоқталып өтті.

«Жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елді ауқымды әрі жүйелі жаңғырту бағдарын іске асыру жолындағы тарихи кезең. Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдерді азаматтардың таңдауына сүйене отырып қабылдау демократия қағидаттарына адалдықтың айқын көрінісі екені анық. Конституциялық реформаның басым міндеті – Тәуелсіздікті нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты жаңа Конституция жобасында заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ, елдің орнықты дамуына басымдық берілген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы жаһандық сын-қатерлер мен халықаралық тұрақсыздық белең алған қазіргі кезеңде мемлекеттің құқықтық негіздерін жаңғыртудың маңызы арта түскеніне назар аударды. Мұндай қадам Қазақстанның әлемдік үрдістерге бейімделуіне және құқықтық жүйесін жүйелі түрде нығайтуына мүмкіндік береді.

Конституция жобасында елдің одан әрі дамуының негізгі бағдарлары да нақты айқындалған. Атап айтқанда, адам капиталын дамыту, мемлекеттілікті, Тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау басты басымдық ретінде белгіленіп отыр.

«Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі оның адамға бағдарлануы екенін айрықша атап өткен жөн. Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне назар аудару мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып отыр. Ата Заң жобасында адам құқықтары декларативті ереже емес, маңызды қағидаттар және нақты міндеттер ретінде қарастырылған. Бұл – сапалы білімге қолжетімділік, тиімді денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қорғау және әр азаматтың өз әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беру секілді бағыттарды қамтиды. Осы қағидаттарды жүзеге асыру барлық институттардың – Құрылтайдың, Үкіметтің, әкімдіктер мен мәслихаттардың, сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Мұндай қадамдар – ел игілігі жолындағы ортақ жауапкершіліктің жарқын көрінісі екені анық», – деді Палата Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Жетісу жастарымен кездесуде жас буынның реформаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталып, олардың белсенділігі мен конституциялық үдерістерге қатысуының маңызына назар аударды. Қолға алынған реформалардың нәтижелі іске асырылуы жас мамандардың кәсіби біліктілігімен тығыз байланысты. Осы орайда аналитиктердің жаңа буынын даярлау мақсатымен қолға алынған Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Талдау мектебі жастар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие екенін де айта кеткен абзал.

Алдыңғы мақала

Азаматтардың 90%-ға жуығы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Талдықорғанда жетінші әлеуметтік дүкен іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.