«Көктал-Агро» ЖШС зауытының директоры, белгілі кәсіпкер, меценат Жәнібек Оханов отандастарын сайлау кезінде сергек болуға шақырады.
«Құрметті отандастар! Адамның тағдыры — оның талабына, ал елдің тағдыры — оны басқарған адамына байланысты дейді. Біз Қазақстан атты қасиетті шаңырақтың бір-бір уығымыз. Шаңырақтың биік, керегенің кең болуы сіз бен бізге байланысты. Сондықтан да баршаңызды Президент сайлауына шақырамын», – дейді кәсіпкер.