Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, жерді тек оның қадірін беру керектігі туралы ерекше атап өткені экономикамыздың дамуына тың серпін береді деп есептеймін.

Бұл ұсыныс Жетісу облысындағы ең ірі аграрлық аймақ Жаркент өңірінде инвесторлар есебінен іскерлікпен жүзеге асырылуда. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында жаңа технология жетістіктері енгізілуінің нәтижесінде су ресурстары үнемделіп, еңбек өнімділігі мен халықтың табысы артып келеді. Халықты жұмыспен қамту, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа тетіктері пайда болуда. Жолдаудағы ауыл шаруашылығын жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін шаруаларды барынша қолдау шаралар күшейтілетіні туралы ұсынысы бізді жаңа жетістіктерге жетуге жігерлендіреді.
Күләш АЙТЖАНОВА,
Социалистік Еңбек ері










