Сенбі, 31 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда

10 Шілде, 2024
Шегірткеге қарсы күрес: Фитосанитариялық жағдай бақылауда
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті, күн тәртібінен түспейтін мәселенің бірі – шегірткеге қарсы күрес жүргізу. Егіс алқабын жайпап жатқан бұл жәндік Жетісу облысын да айналып өтпеді. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Жетісу облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Саят Сақмолдин және республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы облыстық филиалының басшысы Бақберген Атантаев айтып берді.
Биылғы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 109, 416 мың гектар жерде химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған. Химиялық өңдеу жұмыстарын «Авиасила» ЖШС 4 ұшақ, жер үсті бүрку тәсілімен «Защита растений — К» ЖШС 7 жер үсті бүріккіш және жеке кәсіпкер «Бағжан» 7 жер үсті бүріккіш техникаларымен атқаруда.
«Аса қауіпті зиянкестердің ішінде облысымызда ауыл шаруашылығына ең қауіптісі – шегіртке тектес зиянкестер (Азиялық шегіртке және Итальяндық прус). Жалпы алғанда шегірткенің жаппай таралып, ауыл шаруашылығы жерлеріне айтарлықтай зиян келтіруі көптеген факторларға байланысты. Атап айтсақ, көп жылдық талдау негізінде, даму ерекшеліктеріне байланысты шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуы әр 10-12 жыл ішінде байқалады. Сол кезең қазіргі уақытқа келіп тұр. Сондықтан қаншалықты қиын жағдай қалыптасса да, ауыл шаруашылық жерлерін шегіртке тектес зиянкестерден қорғап қалуға барлық жағдайларды жасауға міндеттіміз», — деді жауапты мамандар.
Бүгінде Жетісу облысы бойынша жоспарланған 109 мың гектардың 108 мың гектары өңделді. Облыс әкімінің Өкіміне сәйкес бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдар шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыруға белсенділік танытып, қомақты үлесін қосып отыр.
Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде ауыл шаруашылық егістіктер, шабындықтар мен жайылымдарға шегіртке тектес зиянкестерден зиян келгені анықталмады.

Алдыңғы мақала

«Alakol Fest – 2024»: Алакөл көлінің жанындағы керемет жазғы оқиға!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында жыл басынан 5 мыңнан астам ит ауланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
685
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.