Сәрсенбі, 4 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Әскер қатарында мобилографтар жүр

5 Желтоқсан, 2024
Әскер қатарында мобилографтар жүр
1
БӨЛІСУ
16
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Азаматтық өмірде мобилографияның шыңына жеткен Арман Тұрсынжан мен Арман Мұқатаевтар қазіргі кезде әскер қатарында туған жер алдындағы перзенттік борыштарын өтеп жүр. Екеуі де ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде әскери қызметте.
Сарбаздар шекарашылар сапына қабылданғанға дейін мобилография саласында жұмыс жасап, тәп-тәуір табыс тапқан. Үйлеріне әскерге шақыру қағазы келген кезде ата-аналарының рұқсатын алып, ойланбастан жолға шыққан. Бүгінгі күні қос Арман алакөлдік шекарашылардың мақтанышы. Өткен айда Отан алдында ант қабылдады.
Қатардағы жауынгер Арман Тұрсынжан — Талғар қаласының тумасы. Әкесі Манас Тұрсынжанұлы Алматы қаласы жылу жүйесінің қызметкері болса, анасы Адасхан Бүрленқанқызы Талғар аграрлық-техникалық колледжінің медбикесі. Алтыншы сыныптан бастап еркін күреспен айналысқан Арман спорт шеберлігіне үміткер. Телефон арқылы сапалы бейнебаяндарды түсірумен айналысқаннан бері елімізге танымал әншілермен, актерлермен, кәсіпқой спортшыларға бейнебаяндар түсірген. Әлеуметтік желілерге таратқан. Негізгі мамандығы ветеринар. Колледжді қызыл дипломмен тәмамдаған. Жаңалыққа жаны құмар сарбаз әскери ұжымының белсенді жастар орталығының төрағасы.
Қатардағы жауынгер Арман Мұқатаев Алматы қаласының тумасы. Әкесі Руслан әскери қызметші. Анасы Шахназ Муралимқызы Жетісу облысы бойынша әскерге шақыру бөлімінде медбике. Мамандығы — фельдшер. Жасынан спорттың воркаут, волейбол түрлерімен айналысқан. Сүйікті ісі — мобилография. Осы саланың қыр-сырын жақсы меңгерген. Біліктілігін дамыту мақсатында дрон арқылы бейнебан түсіруді үйренген. Әлеуметтік желіге жариялаған сапалы бейнебаяндары көп қаралымға ие болған. Мемлекеттік органдардан тапсырыстар қабылдаған. Бос уақытында көмекке зәру қарттарға көмек беруге волонтерлықпен айналысқан.
Екі Арманның қазіргі кездегі армандары — Отан алдындағы әскери қызметтерін абыроймен атқарып, үйлеріне аман-есен оралу. Қазақстанның жарқын болашағына дамыған заманның ең жоғары мамандығы — мобилография саласын жетілдіру арқылы келелі үлестерін қосу.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Алдыңғы мақала

Ерлікпен қаза тапқандарды еске алды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында есірткі қылмысы 23 пайызға төмендеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
707
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.