Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Тұран одағы – құр қиял ма, әлде шынға айналар арман ба?

10 Қараша, 2022
Тұран одағы – құр қиял ма, әлде шынға айналар арман ба?
5
БӨЛІСУ
62
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бұл күндері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының ІХ саммитіне қатысу үшін Самарқан қаласында жұмыс сапарымен жүр. Жиын барысында түркітілдес мемлекеттердің басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырады деген ресми ақпар бар.

Былтыр Ыстамбұлдағы саммитке дейін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі деп аталып келген бұл ұйым ортақ Түркістан құру идеясын қолдаушылардың басты арманы – Тұран одағына айнала ма? Әзірге бұл ұйымның авторы – Түркия билігінің сол бағытқа қарай аяңдап келе жатқанын байқауға болады. Ынтымақтастық кеңесі форматынан Түркітілдес мемлекеттер ұйымына көшудің астарында оның әдемі атынан гөрі затына мән берген жөн. Яғни, атауының өзі бұл ұйымға экономикалық, саяси, тіпті қажет болса әскери көмек жағынан еркін маневр жасауға жағдай жасайтын мүмкіндік кеңістігін береді.

Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, Түркітілдес мемлекеттер ұйымының негізінде Тұран Одағы құрылатын болса, әлем картасында 152 миллионнан астам халқы бар, 4 млн 286 мың шаршы шақырым аумағымен жер көлемі жағынан әлемде 7-ші орынды алып жатқан, ЖІӨ көлемі жағынан алдыңғы ондыққа кіретін алып мемлекет пайда болатын еді. Мұндай күшпен кімде кім болсын санасуға мәжбүр болады. Осы идеяны қолдаушылардың қиялындағы мемлекет осындай.

Ал ұйымның шын мәнінде «Бір халық – бес мемлекет» дейтін идеядан құралатын Тұран Одағына айналу әлеуеті қандай? Украинадағы соғыс бұл идеяны утопия деңгейінен белгілі бір жағдайда жүзеге асуы әбден ықтимал мүмкіндік дәрежесіне жақындата түскендей.

Егер соғыс Ресейдің экономикалық және әскери тұрғыда күйрей жеңілуімен аяқталса, онда Тұран одағының құрылуына басты қарсылас саяси сахнадан ысырылады. Ресей бұл соғыста қазірден-ақ саяси жеңіліске ұшырады. Бұл сценарий жүзеге асқан жағдайда Орталық Азия елдері Қытай мен Түркияның ықпал ету аймағына айналады. Ал егер кейбір сарапшылар болжағандай, Ресей Федерациясынан Татарстан, Кавказ елдері бөлінетін болса, онда бұл түркітілдес елдер арасындағы шекара қашықтығы проблемасын шешуді жеңілдетеді. Бірақ бар гәп Ресейге тіреліп тұр деп айта алмаймыз. Ол тек бір көп кедергінің бірі ғана.

Тұран Одағын құру үшін бірнеше субьективті және обьективті алғышарттар орындалуы тиіс.

Біріншіден, бұл географиялық алшақтық. Тұран Одағының басты локомотиві, идеялық көшбасшысы болуға ұмтылған Түркия Орталық Азия елдерінен қашықта жатыр.

Екіншіден, экономикадағы алшақтық. Түркітілдес мемлекеттер ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы тым әркелкі. Оның үстіне бұл елдердің бір-бірімен экономикалық байланысы да әлсіз. Қазақстан мен Түркияның тауар айналымы қазір 5 млрд АҚШ доллары көлемінде. Тоқаев пен Ердоған алыс-берісті 10 млрдқа жеткізу туралы уағдаласты. Бұл сан аз ба, көп пе? Салыстырайық.  Біздің басты сауда әріптесіміз – Ресеймен  алыс-берістің сомасы 24 млрд доллар. Түріктерде де сондай. Сауда-саттықты 10 миллиард АҚШ доллары дейтін межеге жеткізгеннің өзінде біз түріктердің АҚШ, Қытай, ЕО секілді негізгі сауда әріптестерінің сомасына маңайлай да алмаймыз.

Үшіншіден, саяси режим. Авторитарлық режим билеушілері бір-бірімен тек ортақ жаумен соғысу үшін ғана одақ құра алатынына тарих куә. Бейбіт өмір жағдайында тек шынайы демократиялық қоғам орнатқан елдер ғана интеграцияға қабілетті екенін біз ЕО мысалында көріп отырмыз.  Тұран Одағы бәлкім құрылуы да мүмкін, тек оның Ердоған, Тоқаев, Әлиев заманында жүзеге асатынына көзіміз анық жетпейді.

Егер осы үш алғышарттың кемінде екінші және үшіншісі орындалса, онда Тұран Одағы расымен де қиялдан шындыққа айналады. Ал мұндай одақтан Орталық Азия елдері ұтпаса, ұтылмайды деп сенеміз. Тұран Одағы Орталық Азия мемлекеттеріне саяси, әскери қауіпсіздікке кепілдік берер еді, түркітілдес халықтардың мәдени жақындасуына, діл, тіл мәселелерін түпкілікті шешуге және халықаралық сауда-саттық пен қарым-қатынаста тиімді келісімшарттарға қол жеткізуге зор мүмкіндіктерге жол ашар еді.

Дәнеш АСҚАРБЕКҰЛЫ

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Резиденция оңалту орталығына айналды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
721
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.