Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
(тізім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын (бұдан әрі – грант) беру жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық деңгейде 30 грант беру жоспарлануда.
Грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде еліміздегі волонтерлік саланы қолдау мақсатында грант бағыттарының тізбесінде қосымша «волонтерлік» көзделген (ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы 11 шілдедегі № 302-НҚ бұйрығы).
Грант туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/821575?lang=kk сілтемесі арқылы орналастырылған.
Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2024 жылдың 5 тамызынан бастап 6 қазан аралығында жүргізіледі.
Осы орайда, гранттың маңыздылығын ескере отырып, республикалық грант туралы ақпаратты әкімдіктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде орналастырып, өңірлік теле-, радиоараналар, газет-журналдар және басқа да БАҚ өкілдері арқылы жастарды конкурс туралы ақпараттандыру сұралады.
Сонымен қатар, осы бағытта атқарылған жұмыс туралы ақпаратты ағымдағы жылғы 26 тамызға дейінгі мерзімде ұсынуды сұраймыз.
Вице-министр Е. Кочетов
Орынд.: Ұ. Жүсіпбекова
Тел.: 74-12-78, 8 702 000 88 12