Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы алты рет өтті: 1991, 1999, 2005, 2011, 2015 және 2019 жылы. Оның басым бөлігі кезектен тыс болды.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50%-інен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Егер кандидаттардың бірде-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі.
Сайлауға қатысып, өз кандидатымызды қолдайық. Таңдау жасап, тағдырымызды өзгертуге тырысайық.