Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Талдықорғанда жетінші әлеуметтік дүкен іске қосылды

5 Наурыз, 2026
Талдықорғанда жетінші әлеуметтік дүкен іске қосылды
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Талдықорған қаласында жаңартылу жұмыстарынан кейін әлеуметтік дүкен ашылды. Жалпы, облыс орталығында «Жетісу» ӘКК желісі бойынша құрылған 7 әлеуметтік дүкен мен сөрелер жұмыс істейді. Онда азық-түлік тауарлары нарықтағыдан орта есеппен 20-25% төмен бағада, бұл жергілікті тұрғандардың негізгі азық-түлікті қолжетімді бағада сатып алуларына мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Халыққа пайдалы бұл сауда нысаны «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ қолдауымен және жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың негізінде ашылып отыр. Мұнда облыстың тұрақтандыру қорының және «айналым схемасына» тартылған өндірушілердің тауарлары сатылады. Бұл дүкен сөрелеріне әлеуметтік тауардың 19 түрі қойылған. Мысалы, І санатты жұмыртқа ондығының бағасы басқа да әлеуметтік дүкендердегі сияқты 550 теңге, күнбағыс майының литрі 510 тг, күріш – 380 теңге/кг, картоп – 180 теңге, сәбіз – 170 теңге/кг және т.б.

ӘКК өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік дүкендер ашу жұмысы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары аясында атқарылуда:

— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорын қалыптастыру және кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру арқылы жүзеге асырылды. Бүгінгі күнге аталған екі механизм бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің жалпы көлемі 6,3 мың тонна болатын 19 түрін жеткізуге арналған келісім-шарттар мен тауар қоры бар. Бұл азық-түлік біздің әлеуметтік дүкендеріміз арқылы делдалсыз, өндірушіден тікелей сатылады. Соның арқасында халыққа қолжетімді бағада саудалауға мүмкіндік жасалып отыр. Әлеуметтік тауарлардың бар болуы мен бағасы жағынан халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аталған механизмдер бойынша тауар интервенциясы үздіксіз жүргізіледі, — деді «Жетісу» ӘКК АҚ әлеуметтік жобалар департаментінің директоры Бақтияр Сембеков.

Атап өтсек, жаңарған «JETI» әлеуметтік дүкені  «Самал» шағын ауданында орналасқан.

Талдықорған қаласындағы 7 әлеуметтік дүкен мен әлеуметтік сөрелердің тізімі:

  1. №1 әлеуметтік дүкен, Еркін ауылы, Бесшатыр көшесі, 75;
  2. №2 әлеуметтік дүкен, «Көктал» шағын ауданы («Бугор»), Амангелді көшесі, 47А;
  3. «Jetisy» әлеуметтік дүкені, Талдықорған қаласы, Алдабергенов және Рақышев көшелерінің қиылысы («Коммуналдық базар»);
  4. «Минимаркет» дүкені, Өтенай ауылы, Ынтымақ, Ә. Молдағұлова көшесі, 70/3;
  5. «Санжар» дүкені, Талдықорған қаласы, Пушкин көшесі, 239А (әлеуметтік сөре);
  6. «Жасмин» дүкені, Талдықорған қаласы, «Жастар» шағын ауданы, 15-үй (әлеуметтік сөре);
  7. «JETI» әлеуметтік дүкені, Талдықорған қаласы, «Самал» шағын ауданы, 43-үй.
Алдыңғы мақала

Сенат төрағасы: Референдум – Қазақстан дамуының тарихи кезеңі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісу облысында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.