Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Тарам жолдар тамыршысы

29 Сәуір, 2025
Тарам жолдар тамыршысы
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Еңбекқорлық ата-анасының бала кезден оның бойына сіңірген басты қасиеті. Бүгінде 18 жылдық еңбек өтілі бар шойын жол бекетінің диспетчері Әсел Нұрғалиева бала кезінде өмірін теміржол қызметімен байланыстырам деп ойламаған да шығар.

Дегенмен біздің кейіпкеріміз балалық шағын негізгі тіршілігі теміржолмен байланысты кішкентай ғана қалада өткізіпті. Қала тұрғындарының көпшілігі теміржолда жұмыс істеп, көше балалары соларды күнделікті көріп, олардың жақсысы мен жайсаңына еліктеп өсті. Сондықтан болар мектепте оқып жүргенде Әсел теміржол қызметінің тарихы мен кәсіби ерекшеліктерін біле жүруге ден қойды.

Орта мектепті аяқтағаннан кейін Әселді көптен қызықтырған әлем техникалық мамандықты таңдауға итермеледі. Таңдаған мамандығын меңгерген соң батыл қадам жасап, темір жол стансасына диспетчерлік жұмысқа орналасты. Еңбек жолының бастамасында кәсіптік жетілдіру курсына барып, таңдаған ісінің қыр-сырын түсініп, білімін тереңдете түсті. Пойыздардың қозғалысын біліктілікпен басқарып, тосын төтенше жағдайдан сақтану, одан жедел шығу жолдарын үйренді.

– Мен үшін кәсібімді жетік білу мен жұмыста ұйымдастырушылық қабілетімді артырып, шұғыл дұрыс шешім қабылдай білу маңызды болды, –дейді Әсел. – Теміржол жүк тасымалы және жолаушылардың аман-саулығы мен баратын жеріне уақтылы жетуін ұжым болып қамтамасыз ететін еліміздің көлік қатынасындағы өте маңызды және күрделі саласы. Осы мүдденің басты тетіктерінің бірінде еңбек ететінімді естен шығарған емеспін.

Теміржол қызметіндегі тәжірибелі маман атану жолында Әсел Нұрғалиева көптеген қиындықтарды да бастан өткерді. Жасымады, жалықпады, ізденді, үйренді. Оны осы қасеттері ұжымда беделінің жоғарылауы мен сенімге ие болуына себеп болған. Қашан да жақсы маманға жауапті іс жүктелмек. Соңғы алты жылдан бері ол «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтың басты операторы болып саналатын «KTZE-Khorgos-Gatewayс» ЖШС өндірістік бөлімінің станса диспетчері қызметін абыроймен атқарып келеді. Бұл бөлім шығыстан да, батыстан да шекара асып келетін халықаралық жүктерді баратын бағытына сәт сайын тоқтаусыз аттандырып отыратын нағыз қарбалас қатынастардың ордасы.

Әр кезекшілігінде ол станция темір жолы желілеріндегі пойыздардың қозғалысын, вагондарды құраушылардың, белгі берушілердің, операторлардың, басқа да қызмет түрлерінің жұмысын қас қақпай қадағалап отырады. Бұдан тыс Әсел алдын-ала белгіленген қозғалыс кестесінің ретімен жүзеге асып, орындалуын сақтауды қадағалайды, тосын жағдай орын алған сәтте шұғыл шешім қабылдап, барлық қызметтің жұмысын оңтайландыру жолдарын қарастырады.

Бастысы жұмыста төтенше жағдайға жол бермей, теміржол қатынасын жүйелі қамтамасыз ету тәртібін сақтауға атсалысу. Өйткені бүкіл стансаның тамыр соғысы диспетчердің қолында.

– Қазір мен осы мамандықты таңдағаныма, кәсіби білікті үлкен ортада еңбек ететініме мақтанамын. Олармен бірге жақсы жаңалықтар мен ұсыныстарды жүзеге асыруға атсалысамын. Еліміздің экономикалық өсімінің күретамыры, транспорт және логистикалық дамуының айнасы іспетті шойын жол қатынасының заманауи тұрғыда жетілуіне өз үлесімді қосып келемін деп ойлаймын, – дейді тарам жолдар тамыршысы Әсел Орынбекқызы.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Алдыңғы мақала

Асылбек – алғыр азамат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекеттік басқару академиясына оқуға құжат қабылдау басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
653
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.