Жаркент өңіріне белгілі ақын, ағартушы, тарихшы Молот Солтанаев жерлестерін сайлауға белсене қатысуға шақыруда.
«Бұл сайлаудың мәні де, маңызы да жоғары болып тұр. Еліміз болашақтың бағдарын айқындайтын Президент сайлауы тиіс. Сондықтан да бұл науқанға немқұрайлы қарауға болмайды. Демократиялы ел құрамыз десек, өзгелермен терезесі тең мемлекет қалыптастырамыз десек 20-қарашада өтетін Президент сайлауына қатысайық жерлестер. Тағдыр-талайымыз сынға түсер тарихи сәтте бірлігімізді көрсетейік», – дейді ҚР Білім беру ісінің үздігі.