Дүйсенбі, 2 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам айнасы

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

20 Мамыр, 2025
Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры
1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Әлемдік тенденцияға назар аударсақ «тілді» көбіне тек қатынас құралы ретінде ғана қабылдап жататындығын аңғарамыз. Әрине, адам мен адам байланысының негізі де – тіл. Алайда, бұл бергі көрініс ғана екендігін айта кеткен жөн.

Тіл – ұлттық болмыстың ұстыны, тарих қалаушысы, елдің бар ерекшеліктерінің жиынтығы деуге толықтай негіз бар.

Көненің көзі, тарихтың өзі болып отырған ана тіліміздің тұғырын тік, туын нық ұстау жолында мемлекет мінберіндегі тұлғалар ғана емес, жалпы халық болып атсалысудың артықшылығы мол. Егеменді елдің еңсесі биік болуының бірден бір себебі тілдік құндылықтардың жоғары насихатталуы. Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалатынын ескерсек, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған мемлекеттік саясаттың ұтымды тұстарын да тиімді пайдалана білген жөн.

Тарих бедеріне бір зер салыңызшы. Кез келген халықты түбегейлі жойып, мәңгүрттендіру саясатын жүргізу үшін ең алдымен ана тіліне тұсау салу ғана жеткілікті. Себебі әр елдің тілінде ұлттық тарихы, болмысы, рухани һәм дүниауи тірлігі жатыр. Қай мемлекетті алсаңыз да тілдік ерекшеліктеріне байланысты тұрмыстық өзгешеліктері, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптық айырмашылықтары бар. Демек «тіл» — бұл тек ауызекі сөйлеу қатынасына ғана керекті құрал емес. Ол – ұлттың өзі.

Мұқағалиша тәпсірлеп, ана тілімізді «Үш бақытымыздың» бірі деп білсек құба құп. Құндылықтар тізімінде алдыңғы қатарда тұрған тіл мәселесінде кемшілікке жол берсек ертеңіміздің де баянды болмасы хақ.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та: «Қазақ тілінің мәртебесі мемлекеттік тіл ретінде күшейіп келеді. Ол ұлтаралық қатынас тілі болатын кезең келіп жетті. Алайда ол үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек»,- деп, бас айтқан еді.

Жаңа заман мен тың технологиялар, жаңаша мүмкіндіктер көбіне өмірімізді оңтайландыруға өзіндік көмегін тигізіп жататыны анық. Алайда жаһандану дәуірінде ана тіліміздің тазалығы мен сауаттылығына немқұрайлы қарайтындардың да қарасы көп. Бұл мәселенің бір ұшы әсіресе көшедегі кәсіпкерлік нысандарында тайқташалар мен жарнамаларға тиіп тұр. Сөз бен ойдың дұрыс аударылмауы, орыс тіліндегі жарнамаға басымдық берілуі және қарапайым сөйлемдегі бірнеше қателіктер – тіл мәртебесіне нұқсан келтіруде. Бұл – ең алдымен кәспкерлік иелерінің ана тілімізге атүсті көзқарас танытуы мен рухани тұрғындан азғындауларының белгісі. Күнігі жүздеген адам оқитын сауатсыз жарнама, сұрықсыз жазбалар өзі де қазақ көгіне әрең адымдап келе жатқан тіліміздің бақайынан қағумен тең. Онымен қоймай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттеріндегі түрлі жазбалардағы қате мен кемшіліктерді көріп, көзіңнен емес жүрегіңнен қан ағардай кейіпке енесің. «Соншалықты сауатсыздық пен білімсіздің билеген бе?» деп те қаласың кейде. Бұған тосқауыл қоймаса жағдайдың да тез арада оңалмасы рас.

Қаншалықты кемшілік пен кедергілер жолықса да қазақ халқының ұлттық болмысы, рухани жадысы аманда – ана тіліміз де ғасырлардан ғасырларға аяқ басып, Мәңгілік тұғырына көтеріле берері ақиқат.

Ардан жаратылған алтын құрсақты аналарымыздың ақ сүтімен бойымызға сіңіп, тәнімізге дарыған қазақ тіліміз небір алмағайып заматтардың зобалаңдарына шыдас беріп, тәуелсіздігімізді тұғырына көтерген мезеттен бастап «Мемлекеттік» деген атақты қанжығасына бекем байлаған болатын.

Ананың сүтімен, әкенің бекзат тәрбиесімен, әженің әз әңгімесімен, атаның ақ батасымен, халықтың сөзімен тұла бойымызға сіңісті болған Ана тіліміздің тұғыры нықтала берсін!

Балауса ЖЕҢІС,

Жетісу облыcының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы

Панфилов аудандық филиалының меңгерушісі

Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Чекті талап ет – жүлде ұтып ал: Жетісу облысында салықтық акцияларға қатысу артып келеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
704
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.