Вирустық «В» гепатиті (ВВГ) – вируспен шақырылатын, бауырды зақымдаумен сипатталатын жұқпалы ауру.
Жұқпамен тек қана адам ауырады. Жұқпа көзі – жіті созылмалы гепатитпен сырқаттанған адам немесе вирустасымалдаушы.
Жұқпа көзі болған адамның барлық биологиялық сұйықтықтарында вирус болады: қан, шәует, вагинальды сұйықтық. Вирус аздаған мөлшерде сілекейде, зәрде, ана сүтінде, терде, өтте болады.
Вирус тұрмыстық жолмен және жыныстық қатынас арқылы беріледі.
Залалданған қанның 1 тамшысы мен микротравманың өзі жеткілікті. Сондықтан салондық маникюр немесе тіс дәрігеріне бару да белгілі бір қауіп төндіреді.
«Аурудың белгілері: тамаққа тәбетінің болмауы, сарғыштану, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, қалтырау, іштің ауруы, нәжістің түссізденуі, зәрдің күңгірттенуі (сыраның түсіндей). Сарғаю белгісінің болуы міндетті емес. Көбінесе әлсіздікпен н/е ешқандай белгісіз де өтеді. ВВГ жіті немесе созылмалы түрде жүруі мүмкін. Егер уақытында емделмесе созылмалы түрі цирроз және бауыр обыры дамуы мүмкін», — дейді Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасова.
Жетісу облысында 2022 жылдан бері жіті ВВГ тіркелмеген. 2025 жылдың 5 айында созылмалы ВВГ 71 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 жағдай 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың 98% жастарына байланысты егілмеген тұрғындар.
«ВГВ арнайы алдын алу үшін вакцинация жүргізіледі. Ұлттық күнтізбеге сәйкес жаңа туылған нәрестелер бірінші екпесін перзентханада, әрі қарай өмірінің 2, 4 айында алады. Ересектер арасында да екпе жүргізіледі (қауіпті топта): қанмен байланысты жұмыс жасайтындарға, науқаспен қарым-қатынаста болғандарға», деп атап өтті маман.
ВВГ алдын алуда сақтық шараларын ұстану және қарапайым гигиена маңызды:
- жеке бас гигиена заттарын өзге адамның қолдануына рұқсат бермеу және өзге адамдікін қолданбау;
- тұрмыста тазалық ережелерін сақтау (жеке қолданатын заттарының болуы, тазалау жұмыстарына қолғап, арнайы киімнің болуы);
- залал(зарар)сыздандыру ережелерін талап ететін, тері мен шырышты қабаттың зақымдануымен байланысты манипуляцияларды үй жағдайында жасауға тыйым салу;
- өткір заттармен жұмыс жасаған кезде сақтық шараларын ұстану;
- бір ғана сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу, мүшеқап қолдану;
- жұқпаны уақытында анықтау үшін «В», «С» гепатитімен қарым-қатынаста болғандарға зертханалық тексеруден өту қажет.