ҚР ҮҚК Шекара қызметінің жылдық қорытындысында «Үздік шекара бөлімшесінің бастығы» номинациясының иегері болып ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Ынталы» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Бағлан Сейітжан танылды.
Бағлан Қожахметұлы басшылығымен ынталылық шекара сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті. Атап айтар болсақ, шекара бөлімшесінде бірнеше адам мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін ұсталса, мемлекеттік шекараны күзетуге байланысты шекара нарядының талабын орындамағаны үшін бірқатар тұлға заңға қайшы іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылды.
2024 жылғы қорытындысында «Ынталы» шекара бөлімшесінің жеке құрамы жауынгерлік және кәсіби дайындық бойынша жоғары жетістікке қол жеткізген әскери ұжым.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті