Жексенбі, 8 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жаңа қадамды бастау

5 Мамыр, 2023
Жаңа қадамды бастау
2
БӨЛІСУ
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы мәлімдеп, саяси дода 19 наурызда өткізілді. Бұл Президент ұсынған реформалардың заңды жалғасы десек, қателеспейміз. Өйткені бұған дейін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сенат пен Мәжілістің қызметі қайта қарастырылды. Елдің дамуы үшін қажетті бірқатар өзекті конститутциялық заң қабылданды. Президент сайлауын 7 жыл деп белгілеу секілді жаңашылдық енгізілді. Енді Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау реформалар бастамасын табысты жалғастыруға тиіс. Осы орайда Мемлекет басшысы енді Үкімет халықтың мұң мұқтажын ойлап, әлеуметтік мәселелердің түйінін шешуге ерекше басымдық беру керек екенін аңғартты. Соның ішінде Қазақстан бойынша халық наразылығының басталуына түрткі болған басты мәселе – елдегі қымбатшылық, бағаның тұрақсыздығы, стратегиялық маңызы бар тауарлар мен өнімдер бағасының тым шарықтап кетуі. Осыған орай жаңа құраммен жасақталатын Үкіметке макроэкономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және әлеуметтік мәселелерді шешуді қатаң тапсырды.
Ең бастысы, Мемлекет басшысы елдегі азаматтардың арыз-өтініштерін ескеретін, «тыңдаушы мемлекет» қағидасын дамытып, әлеуметтік мемлекет құруды, баға тұрақсыздығы мен қымбатшылықты, ұлттық валютаның девальвациясын және инфляцияны ауыздықтауды, олигархиялық әділетсіз жүйені жоюды, елдің ішкі қауіпсіздігі мен сыртқы қорғанысын қамал етуді стратегиялық міндеттер ретінде алуы – Қазақстанды тұрақтылық пен бейбітшілікке, экономикалық даму мен гүлденуге алып баратынына кәміл сенеміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет және ұлт үшін осындай қиын қыстау уақытта көрегендік танытып, стратегиялық шешімдер қабылдап, елде болған қасіретті оқиғадан сабақ алу керек екенін айрықша атап өтті.
Президентіміз атап көрсеткендей, ендігі басты мақсат – келешекте қаңтар оқиғасындағыдай қайғы-қасіретке жол бермеу, жалпыұлттық трагедияға алып келген алғышарттар мен себептерді жою, қоғамда қордаланған саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани салалардағы мәселелерді шешу. Бұлардың барлығы, түптеп келгенде, адамның өмірі мен денсаулығы, қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары, өмір сүру сапасы мен деңгейі сияқты конституциялық тұрғыда бекітілген ең жоғарғы құндылықтар мен қағидаттарды қамтиды.
Қаңтардағы халық толқуы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан, инфляция мен жаппай қымбатшылық, әлеуметтік әділетсіздік сияқты қарапайым халықтың өміріне тікелей қатысты себептерден бастау алғандықтан, Мемлекет басшысы ұлттық экономиканы қайта құруға бағытталған міндеттер қойып, жаңа үкіметке нақты тапсырмалар берді.
Соның ішінде мәдениет пен білім беру саласына аса мән берді. Жоғары мәдениет пен білім салтанат құрған мемлекет қана террорлық әрекеттерге, экстремистік пиғылдағы топтардың жұмысына тосқауыл болатыны сөзсіз. Діннің экстремизммен емес, мәдениетпен, білім мен ғылыммен қатар айтылатын жағы үстемдік құрған кезде болатынын тарихтан білеміз. Айталық, араб-мұсылман мәдениетінің алтын дәуірі – «мұсылмандық ренессанс» кезеңін тілге тиек етсек те жеткілікті. Діннің ғылыми жаңалықтарға, мемлекеттің гүлденуіне ықпал етіп, адамгершілік нормаларды    қоғамдағы қарым-қатынастардың негізіне айналдыра алатын да мүмкіндігі бар екенін естен шығармауымыз керек.
Қаралы күндерден халықтың түйгені – бейбіт өмірдің құндылығы, елдің тұтастығы, «ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». Мемлекеттің дамуына мүдделі ел осы құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауы тиіс. Әлем бір орында тұрмайды. Ал даму үстінде неше түрлі сын-қатерлер болуы мүмкін.
Ең бастысы – сол сындарды еңсере білуде, еңсеру жолында біріге алуда. Сонымен қатар жеке бас мүддесін  мемлекеттік мүдде үшін сарп ете алуға қабілетті болуда, мемлекетті тұрақты дамыту мақсатында қоғам қауіпсіздігін сақтай алуда. Адам өміріне қауіп төнбеген мемлекетте ғана даму мен өркендеу бар.

Қалибеков Аслан Маратұлы,

«Тіл» оқыту орталығының директоры

Алдыңғы мақала

Аянмен қонған қасиет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Жаркенттің жеріне бәрі өседі»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.