Жұма, 30 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді
109
БӨЛІСУ
1.4k
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: “Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға  сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз” деген. Қазіргі уақытта біздің алдағы ең басты мақсаттарымыздың бірі — Қазақстанның өркендеуіне үлесімізді қосып, 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламенті мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын сайлап, дұрыс таңдау жасауымыз қажет.

Сайлау — еліміздегі үлкен де іргелі істердің бірі. Отанымыздың гүлденіп және жаңа белестерге көтерілуіне, қарқынды дамуының бірден бір кепілі. Әрбір Қазақстандықтардың дауысы мұхитқа тамған тамшыдай қымбат.
Қазақстанның ел болып өркендеуі қазіргі болашақ жастардың қолында. Жастарымыз табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан онды үдерістерге белсенді ат салысуы арқылы ғана талай жетістіктерге қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар, жастар қоғамға өз пайдасын тигізіп, алған білімдері мен тәжірибелерін еліміздің өркендеуіне жұмсайтын болса, онда Қазақстанның келешегі кемел болатыны сөзсіз.
Тарих көшіне көз жүгіртіп өтсек, талай тағдырды, қиын қыстау кезді басынан өткерген қазақ халқының шежіресі терең мән- мағынаға тұнып тұр. Көне түркі даласын мекендеп, көк түріктің жалауын желбіреткен кезден бері уақыт көшімен алға жылжып, бүгінгі күні қазақ жұрты өзінің асқақтығын айғақтаумен келеді.
Ел бірлігіне сызат түспей, халқының амандығы үшін қандай да бір батыл шешім қабылдай білетін Мемлекет басшысын – Президентіміз Қ.Тоқаевты біз әркез қолдаймыз. Оның жасампаз бастамалары мен елдің көңілінен шығатын шешімдері бізге рух беріп, қанаттандырады. «Бірлікті ел бұзылмас» дегендей, тәуелсіз Қазақ елінің тұтастығы мен тұрақтылығы осы бірліктің арқасында деп білеміз. Сондықтан барлығымыз бір бастай ат салысып, Президентіміздің әрбір ісіне қолдау көрсетіп, сайлауда өз дауысымызды беруіміз игі іс деп білемін.
Еліміз тату болып, бірлігіміз жарасқан  ел болсақ, мемлекетіміз тыныш өмір сүреді. Бүгінгі күнімізді ғана ойламай, әрқашанда ертеңімізді ойлап, еліміздің ахуалын түзетуіміз керек. Жарқын болашаққа нық қадаммен жұмыс жасауға әрбіріміз үлес қосуға міндеттіміз. Президент бастамалары халық билік арасындағы сенімді арттырып, еліміздің көркендеуіне зор септігін тигізері анық.
Ең басты құндылық- халықтың бірлігі. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші елімізді қолдаудың ең басты жолы- бірлік пен татулықты бойымызға сіңіріп, Жаңа Қазақстанның жарқын келбетін бірге құрайық.
Сіздерді 2023 жылдың 19 наурыз күні өтетін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттарын сайлап, өз дауыстарыңызды беруге шақырамын!

Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы А. Мұратова

Алдыңғы мақала

Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа экономикалық тұғырымыздың бастауы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
682
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.