Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Инклюзивті сипатты айқындайтын ізгі ұғымдар. Бұл — қоғамды қуантатын қағидаттар. Ең маңызды бағыттардың бірі – адами капиталдың дамуы. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуда. Біртұтас ұлт қана әділетті мемлекет құра алады. Біріне – бірі байланған, бірінен-бірі айналған, бірінсіз бірі жоқ осы үштаған — біздің ұлттық идеямыз. Жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту,ел болашағына арналған стратегиялық инвеститция, баршаға тең мүмкіндік, ұлттың табысын тең бөлу, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң үстемдігі – Жаңа қазақстанды құру үшін жасалған жалпыұлттық референдумнан кейін, іске асқан батыл реформалардың сабақты жалғасы деп білеміз. Осы реформалар әлеуметтің әлеуетін арттыруға,азаматтық қоғам мен заң үстемдігі салтанат құратын әділетті Қазақстанның нақты қадамдары болады. Тағы бір маңызды шешім ертең болғалы жатқан Мәжіліс пен барлық деңгейдегі маслихаттарға сайлау өткізу. Жаңа қатынастар жағдайында азаматтардың кең топтарының мүддесін қорғайтын және мәслихаттар мен Парламент жұмысының тиімділігін арттыратын Парламент құрамын жаңарту өте маңызды. Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру адам арманын іске асыруға жетелейтін асыл мұраттар. Біз бәріміз – осы мемлекеттің бөлшегіміз. Әділетті кезеңнің жаңа парағы ашылғанда сергектік пен жауапкершілік танытуымыз керек. Өскен ел, өрелі жұрт екенімізді көрсетуге тиіспіз. Ел мен жердің тағдыры, ұлттың болашағы – өз қолымызда.
З.Т. ЖАНАЕВА,
Кербұлақ аудандық
кітапханасының библиографы.