Сенбі, 24 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жалпыхалықтық референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам

14 Сәуір, 2023
Жалпыхалықтық референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам
5
БӨЛІСУ
62
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жалпыхалықтық талқыдан өтіп, көпшіліктің көкейіндегісін дөп басқан өзгерістер мен толықтырулар Конституцияға енді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында кеңінен баяндап, еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты тың бастамаларын алға тартты. Соның ішінде қоғам тарапынан жоғары қолдау тапқан Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізу туралы ұсыныстың маңызы ерекше. Себебі, Президентіміздің ұсынысы халықтың талап-тілегі мен сұранысымен үндесіп жатыр деуге болады. Әрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының тағы бір нақты көрінісі деп қабылдауға болады. Шын мәнінде, бұл референдум қолға алынған саяси және конституциялық реформаларды іске асыру жолындағы негізгі қадамдардың бірі декге болады.

Ата Заңымыздың 33 бабына енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастыруды көздейді. Ал, осындай тарихи бетбұрысты халықтың тікелей қатысуымен жүзеге асыру аса маңызды. Бұл – билік пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетін айтулы мүмкіндік. Оның үстіне, республикалық референдум өткізу азаматтарымыздың конституциялық құқығы екені белгілі. Сондай-ақ ол бүкіл халыққа ел болашағы үшін ортақ жауапкершілік жүктейді. Осылайша біз ортақ мүддеге жұмылу арқылы нағыз демократиялы және әділетті «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыра аламыз.

Негізінен айта кетсек, Жолдаудан қолдау сезіндік. Жалпы Жолдаудың басты тетігі – Әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Яғни, ол ішкі тұрақтылыққа кепіл болады. Мемлекет басшының осы жолғы Жолдаудың алғашқы бөлігінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты талдау жасалса, екінші бөлігінде әрбір сала бөлектеп, жекелеп қарастырылды. Бұл біздің, әсіресе, ересек адамдардың есінен кетпейтін жайт деп білемін. Атап айтқанда, табыстың, зейнетақының жыл сайын қалыпты өсуі, мұғалімдерге берілетін көмек осының барлығы халыққа жасалатын жақсы жаңалық.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азықтүлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығын дамытсақ, яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді. Ал ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекетті алға сүйреу, оның келешегін ойлау екені бәрімізге белгілі.Ауылшаруашылық өнімін өндіретіндер – ауылдықтар. Өйткені олардың тұрмысы мен табысы ауылмен, жермен байланысты.

Ауылда тұратын халықтың жағдайын жасап, оларды материалдық тұрғыдан қолдау арқылы ғана мәселені шеше аламыз.

Саяси жүйеде соны серпілістер жасау мақсатында Ата Заңға енгізілген кейбір түзетулерге сәйкес Президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшеймек. Осылайша, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі нығаяды. Суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға көшу аяқталады: Президент бәрінен тең дәрежеде оқшау тұратын, ешқандай үстем әрі айрықша уәкілеті жоқ саяси институт болып саналатын классикалық модель орнатылады.  Бастысы, халықтың мемлекет басқаруға қатысуы кеңейеді. Осылайша, реформалардың нәтижесінде билік тармақтарының өзара теңгерімді байланысы қалыптасып, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог жолға қойылады. Бұның бәрі мемлекеттік құрылымның жаңа моделі – Жаңа Қазақстанымызды қалыптастыруға жағдай жасайды.

                            Панфилов ауданының тұрғыны,  жас маман

Төрехан Айжан Жеңісқызы

Алдыңғы мақала

Земля – наше богатство

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңаша леп байқалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
663
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.