Жас ақын, қаламгер Сәбит Молдаханов Жаркенттік жерлестерін Президент сайлауына қатысуға шақырады.
«Заман – жастардыкі деп жатамыз ғой. Сондықтан да жастар осындай сәтте белсенділік танытулары керек. Өйткені бұл біздің заман, біздің қоғам. Өзімізге жақсы болсын десек таңдау жасауға міндеттіміз. Кейін «заң қайда, билік не қарап отыр» деп өкініп жүрмес үшін лайықты тұлғаны сайлайық. Сайлаудан қалмайық дегім келеді», – дейді Сәбит Молдаханов.