2026 жылдың 19 ақпан күні «Жастардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Аралас страт форматында өткен шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, олардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру және азаматтық ұстанымын нығайту болды. Кездесу барысында жастардың конституциялық құқықтары, қоғамдағы рөлі, міндеттері мен жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және белсенді өмірлік позиция ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар еркін пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сұрақ-жауап бөлімінде жастар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты түсіндірмелер алды.










