Жұма, 9 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жемқорлық жолы кесіледі

17 Ақпан, 2025
Жемқорлық жолы кесіледі
2
БӨЛІСУ
27
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Өткен жұмада Панфилов аудандық әкімдігінің жиынжайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы Саян Қылышұлы Ахметжанов өңір активімен кездесу өткізді. Оған қала, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері және құқық қорғау орындарының қызметкерлері қатысты.

Кездесуді Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек кіріспе сөз сөйлеп ашып, басқа да аудандар сияқты Жаркент өңірі жұртшылығымен жыл сайын әртүрлі форматта жүздесуді дәстүрге айналдырған облыстық департамент басшысының бұл жолы өз саласында өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін баяндайтынын, сонымен қатар жемқорлық фактілеріне қатысты мәселелерге байланысты қатысушылардың сауалдарына жауап беретінін айтып өтті.

Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы Саян Ахметжанов өткен жылы аймақта жемқорлықтың жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде жан-жақты дәйекті, сарапты баяндама жасады. Баяндамада облыста өткен жылы өзара іс-қимыл мен сыбайлас жемқорлыққа апаратын тәуекелдер картасының барлық 9 саласы қамтылып, тиянақты жұмыстар жасалғанын саралады. Әсіресе әлеуметтік саладағы, оның ішінде білім беру жүйесіндегі жемқорлықтың республикада көш бастағанын баяндамашы жасырған жоқ.

– Денсаулық сақтау саласында 400 миллион теңге көлемінде 27 медицина мекемесі басшыларының заңсыз қосымша төлемақылары түріндегі бюджетке келтірген залалдарының алды алынды. Профильді басқарманың лауазымдық жалақылар мөлшерін бекіту туралы бұйрықтың күші жойылды. Денсаулық сақтау министрлігімен еңбекақыны есептеудің бірыңғай әдістемесі әзірленуде.

Білім беру саласында күмәнді аударымдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен ай сайын салыстыру жұмыстарын жүргіземіз. Республика бойынша бухгалтерлерге ЭЦҚ кілттерін заңсыз беруді шектейтін және басшылардың дербес жауапкершілігін арттырған «Favoritmobile» смартфондарға арналған қосымшасын кеңейттік. Колледждердің қызметіндегі 66 миллион теңге көлеміндегі заңсыз төлемдер қайтарылды. Лауазымдық жалақы мөлшері Үкіметтің «Азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысына сәйкес, ал үстемеақылар байқау кеңестерінің шешімдерінің негізінде анықталатындай еттік.

Әлеуметтік қорғау саласында мүмкіндіктері шектеулі 110 адамға кепілдендірілген әлеуметтік көмекті толық көлемде алу қамтамасыз етілді. Субсидияланатын жұмыс орындарын беруден бас тартқан 2 мыңнан астам жұмыс берушінің құқы қорғалды. Қос қаржыландыру және еңбек қызметін тоқтатқан адамдарға төлемдерді аудару фактілері бойынша бюджетке 4 миллион теңге қайтарылды. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшылығы тарапынан мүгедектікті белгілеу үшін пара алу әрекетінің жолы кесілді. Тәуекелдерді болдырмау бойынша ұсыныс енгізілді.

Фискалдық салада 2024 жылдың маусым айында Қытай Халық Республикасымен шекарадағы әлеуметтік шиеленіс тікелей өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін беру арқылы жойылды. Біздің ұсынысымыз бойынша, Көлік министрлігі бұл пилоттық жобаны 2024 жылдың желтоқсан айында «Е-лицензиялау» жүйесіне осы функционал қосылғанға дейін барлық өткізу пункттеріне енгізді.

Экология саласында әкімдіктердің теңгеріміне 24 иесіз сібір жарасының көмінді объектілерін қабылдау қамтамасыз етілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар саласында барлық аудандар мен қалаларда қоқыс жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бекітілді.

Табиғи ресурстарды пайдалану бағытында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен бұйрықтың қабылдануын қамтамасыз еттік. Осы актімен табиғи құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру және бюджет қаражатын жымқыру фактілерін азайтуды байланыстырамыз. Алакөл мемлекеттік қорығы басшылығы тарапынан экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жүйелі парақорлықтың жолы кесілді.

«Бизнеске жол» жобасы бойынша 8 мыңнан астам бизнес субъектісінің (8614) құқықтары қорғалды. Мемлекеттік сатыпалуларға мониторинг жүргізу арқылы бір миллиярд теңгеден астам қаражат үнемделді. Бұл факті бойынша 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдағы кезеңге қойылған міндеттермен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы негізінде жұмысты күшейту айқындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы қайта жаңғыртылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілерін, соның ішінде жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен құқық бұзушылықтарды анықтау, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу және келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылдау қарекеттері жалғастырылуда.

Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басшысының баяндамасында облыста және өңірлерде орын алған жемқорлық фактілері жіліктеп жеткізілді. Әсіресе жол құрылысы, халықты ауыз сумен жабдықтау, спорт ұйымдары арасындағы, ауыл шаруашылық өндірісі саласындағы жемқорлықтың жолын кесу мәселері бойынша жұмыстар жанданғаны айқын аңғарылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының әдістемелік тәжірибелік жолдары бағытындағы жұмыстар талданды.

Баяндама барысында Панфилов ауданына қатысты бірқатар мәселелер көрсетілді. Атап айтқанда аудандық ауруханада бір литр сүтті сатып алу бағасын екі есе жоғарылатқан. Жаркент су құбыры мекемесінде де тура осындай, өздеріне қажет материалды жоғары бағада сатып алу фактілері орын алған. Бұл келеңсіздіктер дер кезінде анықталып, жөнге келтіріліпті.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ

Алдыңғы мақала

Жаркентке жас шекарашылар мектебі қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.3k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
878
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
666
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
652
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
644
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.