Панфилов ауданындағы 324 учаскеде алғаш болып «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ қызметкері Қарлығаш Жайлаубаева дауыс берді.
Қарлығаш Жайлаубаева жаңа, Әділетті Қазақстанның жарқын болашағының маңыздылығын саналы түрде түсініп, өз таңдауын жасағанын айтты. Және жерлестерін бүгін белсенді болуға шақырды.