Жексенбі, 25 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ЖЕТІСУ ӨҢІРІ МЕН ІЛЕ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТА ТҮСПЕК

1 Маусым, 2023
ЖЕТІСУ ӨҢІРІ МЕН ІЛЕ ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ АРТА ТҮСПЕК
3
БӨЛІСУ
40
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле-қазақ автономиялық облыстары арасындағы достық және сауда-экономикалық қарым-қатынас одан әрі нығая түспек. Бұл жөнде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегацияның ҚХР-дағы жұмыс сапары барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сапардың алғашқы күнінде делегация Қорғас қаласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды аралап, компаниялардың жұмысымен танысты. Әрі инвестициялық мүмкіндіктерін бағамдап, әріптестік байланыс орнату аясында келіссөздер жүргізді.

«Қорғас 5G» – Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы ең ірі және бірегей интеллектуалды-логистикалық порт. Жоба 2021 жылы іске қосылған. Жалпы құйылған инвестиция көлемі – 300 млн юань, яғни 2 млрд теңге шамасында. Аумағы 50 мың шаршы метрден асатын портта негізінен тауар қоймалары мен дүкендер орналасқан. Бұл жерден Қазақстанның «Нұр жолы» өткізу бекеті арқылы ауыл шаруашылығы тауарлары мен техникалары және электромобильдер бірқатар Азия елдеріне жөнелтілуде. Оған қоса жылына 100 мың тоннаға дейін ет өнімдерін импорттайды.

Сондай-ақ Қорғаста «Jinyi International Trade» компаниясының 20 мың тонналық қоймасы орналасқан. 270-тей адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністерді Қазақстан, Ресей және Өзбекстан секілді 5 мемлекетке экспорттайды. Осы ретте облыс әкімі Бейбіт Исабаев компания басшылығына «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында қойма салу туралы ұсыныс айтты:

– Егер біздегі арнайы экономикалық аймақта осы секілді қойма алаңын салуға ниет білдірсеңіздер, біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Жеміс-жидек пен көкөністі тасымалдау жағы да ыңғайлы, – деді Бейбіт Исабаев. Өз кезегінде компания басшысы Ю Ченчжун ұсынысты қабыл алатынын жеткізді.

Делегация өкілдері электрондық тауарлар шығаратын кәсіпорында да болды. Мұнда қазір 200-ден астам адам еңбек етеді. Олар электромобильдерге арналған микрочиптермен қоса жарық ленталары, шағын газ плиталары секілді жалпы саны 300-ге жуық өнім түрін шығарады. Кәсіпорынды аралап көрген өңір басшысы чип өндірісіне қолданылатын кремний Жетісу облысында да бар екенін және қажет болған жағдайда экспорттауға болатынын айтты.

Жалпы, Жетісу өңірі секілді Іле Қазақ автономиялық облысы да негізінен аграрлық өңір саналады. Заманауи жылыжай кешендері көп. Соның бірі ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологияларының индустриялдық паркінде орналасқан. Онда тамшылатып суару әдісімен тауарлы қызанақтың түр-түрі өсіріледі. 7 гектар алқаптан 9 ай бойы тоқтаусыз 3200 тоннаға дейін өнім алуда.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев дәл осындай технологиямен Жетісу облысында жылыжай кешенін салу туралы ұсыныс айтты. Өйткені аймақтың мүмкіндігі мол. Автомобиль және теміржол қатынасы арқылы Қазақстанның шығыс бөлігіндегі жалпы саны 6-7 млн халқы бар 5 бірдей аймақты көкөніспен қамтуға болады. Ал компания өкілдері ұсынысты қарастыратындарын жеткізді. Әрі қажет жағдайда тиісті мамандарды оқытып, дайындауға әзір екендерін білдірді.

Қытайға жұмыс сапары кезінде Жетісу облысының делегациясы Қорғас қаласында көлік, логистика және сауда-саттық салаларындағы байланыс жөнінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстандағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА басқару компаниясы» АҚ, «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы» ЖШС және Қытай Халық Республикасының «Халықаралық Шекара маңы ынтамақтастығы орталығы» ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Бұл өз кезегінде кедергісіз логистиканы дамытуға ықпал ететін болады.

Бұл маңызды кездесу ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Жетісу облысы арасындағы экономикалық қарым-қатынасқа тың серпін бермек. Жетісу облысының 563 шақырымы Қытаймен шектеседі. Өңірдің транзиттік әлеуеті де зор, өйткені Қытайдан Еуропаға жүктерді 11 күнде жеткізуге мүмкіндік беретін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомобиль жол дәлізі Жетісу арқылы өтеді. Ал «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еуропаға дейінгі маңызды маршруттардың тоғысында, географиялық тұрғыдан тиімді орналасқан. Сондықтан Қытай тарапы өңірмен байланысты арттыруға мүдделі екенін білдірді.

– Құрметті жетісулық қонақтар, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту – біздің ортақ мүддеміз. Жетісу өңірімен достығымыздың жаңа деңгейге көтерілгенін қалаймыз. Осыған бірлесіп атсалыссақ. Іле облысы мен Жетісу облысы арасында үнемі жүзеге асатын механизмдерді іске қоссақ дейміз. Екі тарап бірлесіп, арнайы жұмыс тобын құрсақ, жұмысымыз да жеңілдей түсер еді, – деді ҚХР ҚКП хатшысы Хао Цзяньминь.

Өз кезегінде сөз алған Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін және өңір тарапынан қажетті қолдаудың барлығы көрсетілетінін жеткізді. Инвесторлар үшін әкімшілік және экономикалық тұрғыдан қолайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті:

– Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының экономикасы соңғы 15 жылда айтарлықтай өскенін көрдік. Сондықтан Іле облысы мен Жетісу облысы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастыруды біз де қолдаймыз. Екі өңір арасындағы байланысты реттейтін жұмыс тобын құру туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын. Шекарадан өтетін жүк көлік санын арттыруға да, кедендік рәсімдерді реттеуге де күш саламыз. Бұл жұмыстардың ілгерілеуіне бірлескен арнайы жұмыс тобы ықпал ететін болады, – деді Б.Исабаев.

Сондай-ақ ол аймаққа 5 стратегиялық бағыт бойынша инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын да тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, бұл қатарда агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және логистика, туризм, өнеркәсіп, оның ішінде жер қойнауын пайдалануды дамыту салалары бар.

Кездесу соңында Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласы мен сауда-логистикалық арнайы экономикалық аймақтары арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Алдыңғы мақала

Бұқар жырау тамсанған Бағай батырға мектеп атын берейік

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз неге орысша сөйлейміз?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
881
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
668
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
664
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
646
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
596
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.