Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Өңір айнасы

Жетісу колледждері еңбек нарығының сұранысына бейімделуде

23 Ақпан, 2026
Жетісу колледждері еңбек нарығының сұранысына бейімделуде
1
БӨЛІСУ
10
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірдегі 18 колледжде 31 жаңа мамандық ашылып, оларда бүгінгі күні 1162 студент білім алуда. Бұл мамандықтар цифрландыру, «жасыл» экономика, өндірісті автоматтандыру, агроөнеркәсіптік кешен, инфрақұрылым, туризм және қауіпсіздік салаларының қарқынды дамуымен тікелей байланысты. Соның ішінде су шаруашылығы бойынша жаңа мамандыққа Көксу политехникалық коллежді де оқытып жатыр, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, облыс әкімінің тапсырмасымен өңір экономикасының 5 басым саласы ретінде өңдеу өнеркәсібі, энергетика және жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, туризм индустриясы бойынша талдау жүргізіліп, «Жаңа мамандықтардың өңірлік атласы» әзірленген.

— Осы жұмыстың нәтижесінде трансформацияланатын, жойылып бара жатқан және аса тапшы мамандықтар айқындалып, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс берушілердің нақты сұраныстары негізінде бірқатар жаңа мамандықтар ашылды. Соның ішінде «Автоматтандырылған жобалау жүйелері», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Мехатроника», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелер (дрондар)», «Қант өндірісі» сияқты басқа да бірқатар мамандықтар бар. Оларды оқытуға қажетті материалдық-техникалық базаны жақсартуға да тұрақты көңіл бөлініп отыр, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

Жаңа мамандықтар қатарында Жетісудың аграрлық саласына аса қажетті гидромелиорациялық жүйелерді бақылаушы-реттеуші мамандығы Көксу политехникалық колледжінде ашылды. Соңғы жылдары еліміздің бірқатар өңірінде орын алған ірі су тасқындары су шаруашылығы саласында мамандарға деген тапшылық бар екенін көрсеткен болатын. Су арнасын реттеу, бөгеттер мен каналдардың техникалық жағдайын бақылау кәсіби мамансыз жүзеге аспайды. Оған қоса аграрлық салаға түрлі жаңа технологиялар енгізу үшін де білікті кадрлар қажет. Сондықтан мұндай жаңа мамандықтың ашылуы ауыл шаруашылығын білімді мамандармен толықтыруға үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

Осы орайда Көксу политехникалық колледжі «Қазсушар» РМК «Жетісу» филиалымен келісімшарт жасасқан.

— Білім беру үдерісі дуалды жүйе негізінде жүзеге асырылады. Мұнда студенттер көп уақытын өндірісте өткізеді. Филиалдың аудандық бөлімшелерінде тәжірибеден өтіп, оқу соңында «Гидромелиорациялық жүйені қараушы-реттеуші» біліктілігін алады. Бұл – дипломның тек қағаз күйінде қалмай, нақты еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік беретін тиімді модель. Бүгінгі күні колледжде 361 студент жеті түрлі мамандық бойынша білім алса, соның ішінде «Гидротехникалық мелиорация» мамандығында 75 студент оқиды. Оқу бағдарламасы 11-сынып бітірген түлектерге арналған, оқу мерзімі – 10 ай, — дейді колледж директоры Базархан Дүйсебеков.

Жаңа мамандықты меңгеріп жатқан студенттердің бірі Аслан Атикенов пікірін білдірді.

— Менің бірінші мамандығым – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Біраз жыл мектепте жұмыс істедім, кейін ауыл шаруашылығы саласына ауысқанды жөн көріп, ауылға келдім. Мұнда су шаруашылығына мұрап жетіспейтіндіктен, осы мамандықты оқып жатырмын. Бұдан әрі қарай шаруашылықта инженер-гидротехник ретінде жұмысымды жалғастырамын. Бұл жерде біз суды тиімді пайдалану, суды қайталай қолдану, тамшылатып, жаңбырлатып, тұмандатып суару инновациялық технологияларын меңгеріп, басқа да қажетті білім алып шығамыз, — дейді ол.

Сондай-ақ колледжде жылыжай шаруашылығы мамандығы ашылғалы отыр. Жылыжай шаруашылығы аграрлық саладағы басым бағыттардың бірі болғандықтан, бұл мамандыққа да еңбек нарығында сұраныс бар. Қазір мамандық ашуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Теориялық және өндірістік сабақтарға қажетті барлық оқулықтар мен құрал-жабдықтар алынып, өткен жылы жылыжай салынған. Осылайша колледж заманауи технологияларды меңгеру арқылы сапалы әрі мол өнім ала алатын білімді мамандарды даярлауға әзір.

Жалпы, облыста 27 колледж жұмыс істесе, оның 21-і мемлекеттік, 6-ы жекеменшік. Оларда 2025–2026 оқу жылында 14 мыңға жуық студент білім алуда.

Алдыңғы мақала

«Заң өзіңнен басталады» идеологиялық іс-шарасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Конституциялық реформалар және өңірлік даму конференциясы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.