Бейсенбі, 26 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: Су шаруашылығы мамандарын оқыту көзделуде

4 Маусым, 2024
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ: Су шаруашылығы мамандарын оқыту көзделуде
1
БӨЛІСУ
11
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында «Қазсушар» РМК Жетісу облысы филиалының директоры Саят Құдайбергенов пен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Медет Керімжанов вегетациялық кезеңнің өтуі туралы және егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды мәлімдеді.

Жетісу облысы республиканың ірі аграрлық өңірлерінің бірі. Елдегі егіс алқаптарының басым бөлігі де облысқа тиесілі. Аймақ бойынша, суармалы жерлерді сумен қамтамасыз ету ірі суару жүйелері мен су қоймалары арқылы жүзеге асырылады. Атап өтсек, өңірде 8 су қоймасы бар, оның ішінде Ескелді ауданындағы Алмалы, Ащыбұлақ, Ақешкі су қоймалары және Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасы «Қазсушар» РМК-ның филиалының қарауында. Ескелді ауданының су қоймаларына жыл сайын ағымды жөндеу жұмыстары өткізіледі. Ал, Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілмеген. Оны максималды жобалық көлемге дейін толтыру арқылы апатты су тастағыш құрылымды технологиялық сынау бойынша жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде су қоймасының толтырылуы орташа 74% жетті, транзиттік режимде жұмыс істеуде.
«Облыс бойынша жалпы саны 141 техника бар, оның ішінде 35-40-ның жағдайы сын көтермейді. Айта кету керек, соңғы жылдары Үкімет тарапынан су шаруашылығы саласына үлкен көңіл бөлініп, апатты жағдайдағы гидротехникалық құрылғылар мен арналарды жөндеп, қалпына келтіруге республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөліне бастады. Соның нәтижесінде, облыс көлемінде суландыру жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту арқылы суармалы жерлердің өнімділігін арттыру бағытында біршама игі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өңірде Ислам Даму Банкі қарыз есебінен «Ирригация және дренажды қалпына келтіру» жобалары іске асырылуда. Ақсу, Көксу аудандарында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде, ал Ескелді ауданында жұмыстары аяқталды», — деді Саят Үсенұлы.
Тағы бір айта кететін жайт, салада кадр жетіспеушілігі орын алып жатыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің қолдауымен «Көксу ауылшаруашылық колледжіне» бюджет арқылы су шаруашылығы мамандарын оқыту үшін грант бөлінуде. Оқу қыркүйек айынан басталмақ.
Облыста өзендердегі су деңгейі тәулік бойы тұрақсыз деңгейде, өзгермелі күйде тұрады. Осыған байланысты облыста жаңа су шаруашылығы объектілерін салу, ирригациялық желілерді қалпына келтіру және реконструкциялау жөнінде іс-шаралар қабылдау мәселелері көзделген. Барлық өндірістік учаскелер су тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес суармалы су беруде. Облыс бойынша вегетациялық кезең қалыпты режимде өтуде.

Алдыңғы мақала

Anadolu Efes — баскетболдан Қазақстан чемпионатының жаңа маусымының титулдық демеушісі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Мерейлі отбасы» байқауына өтінім қабылдануда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.