Жетісу облысында барлығы 538 кандидат тіркелген. Бірмандаттық округ бойынша Мәжіліс депутаттығына 13 азамат сайлауға түсіп жатыр. Ал жалпы бұл өңірде 458 сайлау учаскесі бар. Басым бөлігі ауылдық округтерде орналасқан.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Дәл қазір біз Көксу ауданына қарасты Ақтекше ауылында тұрмыз. Шаған тауының баурайындағы ауылда кешелі бері қар жауды. Қазір бәрі қайтадан еріп жатыр. Жалпы бұл елдімекенде 1 500-ге жуық халық тұрады. Ал олардың 586-сы дауыс беру құқығына ие екен. Айта кету керек, олардың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерді.
Қуандық Мұхамедшинов, ауыл тұрғыны:
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз дауысымды беріп, сайлаудан келе жатырмын. Енді биылғы сайлаудың ерекшелігі бұл жерде бес бюллетенге таңдау жасадық. Соның ішіндегі мені қуантқаны – өзін-өзі ұсынған кандидаттардың көп болуы. Енді алдағы уақытта бұл сайланған адамдар еліміздің өркендеуі үшін жақсы жұмыстар атқарады деген сенімдемін.
Жалпы Көксу ауданында 38 сайлау учаскесі бар. 26 000 халық дауыс беру құқығына ие. Олардың басым бөлігі осы уақытқа дейін мәселен, 70 пайызы дауыс беріп үлгерді деген ақпаратымыз бар.
Қуаныш Қанатұлы