Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі «Digital Jetisu Forum» алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты

8 Қараша, 2024
Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі «Digital Jetisu Forum» алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Жетісу облысында алғаш рет облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Jetisu Digital» IT-хабының ұйымдастыруымен цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Digital Jetisu Forum» цифрландыру форумы өтті. Форум саладағы инженерлердің, IT-сарапшылардың, әзірлеушілердің, сала көшбасшыларының басын қосты. Бұл шара аймақтағы цифрлық саланы дамытудың негізгі тақырыптарын талқылауға арналған жаңа алаңға айналды. Атап өтсек, облыста көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 96%–ы автоматтандырылған, облыстың елді мекендерінің 95,2%-ында интернет жеткізілген, бұл ретте облыс орталығы-Талдықорған қаласында 5G желісі үшін 13 базалық станция орнатылған, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов кездесуге қатысушыларды құттықтап, тілегін тілдірді:

— Бүгінгі іс-шара заманауи шешімдерді енгізуді жеделдетуге және өңірде ыңғайлы әрі тиімді цифрлық инфрақұрылымды құруға көмектесетін әдістерді талқылау, цифрлық технологиялар саласындағы мамандар мен сарапшылардың күш-жігерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Цифрлық трансформация дәуірінде мемлекеттік құрылымдардың алдында қызмет көрсетудің жеделдігін арттыру ғана емес, сонымен қатар азаматтармен өзара іс-қимылдың әр кезеңінде ашықтық пен есептілік қағидаттарын енгізу міндеті тұр. Жалпы алғанда, Жетісуда көрсетілетін 289 мемлекеттік қызмет пен қосалқы қызметтердің 277-сі немесе 96% автоматтандырылды. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 1 370 өтінім келіп түсті, — деді Д.Есдәулетов.

Сонымен қатар өңірде салаларды цифрландыру бойынша бірқатар жобалар табысты жұмыс істеп жатқаны да айтылды. Атап айтқанда, «Кілем жабыны» жобасы аясында полиция департаментінің жедел басқару орталығына 15 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған, сондай-ақ жол қауіпсіздігін күшейту үшін жол ережелерін бұзушыларды анықтауға және көлік легін өлшеуге мүмкіндік беретін 216 камера орнатылған.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында өңірдің 16 медициналық мекемесінде рентген сәулелерін жоғары дәлдікпен талдауға мүмкіндік беретін PACS-жүйесі енгізілді, бұл дәрігерлерге ерте кезеңдерде диагноз қоюға көмектеседі, әсіресе онкологиялық ауруларды ерте анықтауда  маңызы зор. Жүйе жұмыс істегеннен бері 615 мыңнан астам зерттеу жүргізілген.

Өңірдің білім беру саласын цифрландыру жұмыстары аясында Жетісу облысындағы 337 мектеп түгел интернетке қосылған. Оның ішінде осы жылы шалғайдағы 53 мектеп «Starlink» спутниктік жүйесі арқылы қосылды. Сондай-ақ, 69 мектепте сабаққа қатысуын бақылайтын, тамақтануын есепке алуатын, кітапханаларға кіруіне мүмкіндік беретін «Оқушының бірыңғай карточкасы» жүйесі енгізілді.

Жоғары білікті ІТ-мамандарды даярлау мәселесі де шешілуде. Атап айтқанда, Талдықорғанда «Samsung Innovation Campus» бағдарламалау мектебі ашылды және «IT Hub Jetisu Digital» базасында курстар өткізілуде, онда мыңнан астам адам оқудан өтті.

Осы күні форум аясында «Әлеуметтік әмиян — мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру» тақырыбында пленарлық сессия өтті.

Спикерлердің бірі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасының мәніне егжей-тегжейлі тоқтала келе, жоба халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік көмекті есептеу рәсімін жеңілдету, әлеуметтік қолдау құралдарын жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатының шығыстарын оңтайландыру үшін құрылғанын айтты.

Сол сияқты облыстық білім басқармасының басшысы Марат Сүлейменов, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдына Темірбаев та сөз алып, цифрландыру бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Форум негізгі тақырыбынан бөлек жасанды интеллект, деректерді талдау, киберқауіпсіздік, әлеуметтік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ көлік және қауіпсіздік сияқты маңызды бағыттарды да қамтыды.

Сонымен, Google Developer сарапшысы Энес Тұран, MSP Global техникалық директоры Руслан Жансеңгіров IT-индустриядағы жаһандық трендтер мен өзгерістер, бизнес-процестердің тиімділігін жақсартудағы жасанды интеллектінің рөлі, киберқауіпсіздік саласындағы соңғы шешімдер мен технологиялар жайлы баяндады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, азаматтарды цифрлық қолдау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қалалық қызметтерді қолдауға бағытталған «Қауіпсіз қала» жүйесі таныстырылды.

Жиында пікірталас алаңдарымен қатар IT-компаниялардың, цифрландыру жөніндегі сарапшылардың цифрлық жобаларын ұсынатын «Jetisu IT Expo» көрмесі ұйымдастырылды.

— Бүгінде цифрландыру біздің өміріміздің барлық саласына тән әрі жетісулықтар үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз – өңірдің әрбір тұрғыны білім беруде, денсаулық сақтауда, қалалық шаруашылықты басқаруда немесе мемлекеттік қызметтерді алуда заманауи технологияларды толық пайдалана алатындай ету. «Digital Jetisu Forum»-да ұсынылған жобалар цифрландырудағы жетістіктердің бір бөлігі ғана. Біз жаңа жобаларды әзірлеп, енгізуді жалғастырамыз, өйткені біздің басты міндетіміз – Жетісуды цифрлық технологиялар әркімнің игілігі үшін жұмыс істейтін өңірге айналдыру. Сондай — ақ, біз өңірдің талантты азаматтары өз әлеуетін ашып, өз жобаларын іске асыра алатын цифрлық ортаны қалыптастыруға тырысамыз, — деп атап өтті форумды қорытындылап, журналистерге берген сұхбатында Айдын Темірбаев.

Осы күні форум аясында цифрландыру саласындағы жетістіктері үшін өңірдің ІТ-мамандары марапатталды. Олардың қатарында «Future-IT» роботехника мектебінің директоры Дамир Нұркежанов, Қаратал орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Кирилл Михов, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің бизнес-стаптап жобаларының жетекшісі Әсел Құлынтаева, «Jetisu Digital» IT-хаб және «Astana Hub» IT-стаптабы халықаралық технопаркінің ұжымы және басқалары бар.

Форум соңында «Jetisu Idea Battle» идеялар байқауының қорытындысы шығарылады, оның аясында өңірдің дәстүрлі үздік стартаперлері өз жобаларын дамытуға берілетін ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков

Алдыңғы мақала

«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жалғасын тапты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
724
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.