Жұма, 27 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді

16 Маусым, 2025
Жетісу облысында кедендік бақылау күшейтілуде: 5 айда 91 тексеру жүргізілді
0
БӨЛІСУ
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Ағымдағы жылдың бес айында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан 91 кедендік тексеру жүргізілді. Оның ішінде камералдық, құжаттық және көшпелі тексерулер бар.

Кедендік тексеру — бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылаудың бір түрі. Ол Кеден кодексінде көзделген өзге де бақылау нысандары мен шараларын пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаншалықты сақтайтынын бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

Тексеруге Қазақстан Республикасында тіркелген немесе оның аумағында тұрақты тұратын заңды және жеке тұлғалар жатады. Олардың қатарында декларация жасаушылар, тасымалдаушылар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды иеленетін тұлғалар, уәкілетті экономикалық операторлар, сондай-ақ тауарларды шекара арқылы тасымалдауға тікелей немесе жанама қатысы бар тұлғалар бар.

Сонымен қатар, ЕАЭО кеден шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу және өзге де заң бұзушылықтар бойынша ақпарат бар тұлғалар да тексеруге жатады.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша бюджетке қосымша 1 миллиард 759 миллион теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тексеру саны 10%-ға, қосымша есептелген сома 29%-ға, ал өндірілген төлемдер көлемі 4%-ға артты.

Бұл нәтижелер өңірдегі кедендік бақылаудың тиімділігінің артқанын және кедендік әкімшілендіру деңгейінің көтерілгенін көрсетеді.

Алдыңғы мақала

Жыл басынан бері облыста 215 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасымен келіссөз жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
722
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.