Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60 мыңнан асты

29 Қазан, 2024
Жетісу облысында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60 мыңнан асты
1
БӨЛІСУ
13
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында өткен 9 айда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 60,1 бірліктен асты. Саланың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 33 % асады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес биыл шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға 7,4 млрд. теңге бөлінген.

— Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын, орта бизнесте 369 жоба мақұлданды. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялауда 249 жобаға, ішінара кепілдендіруде 118 жобаға қолдау көрсетілсе, 5 млн. теңгелік грант беруде 3 жобаны қамту жоспарланған. Осы жобалардың негізінде өңірде 450-ден астам жұмыс орны құрылады. Оған қоса инженерлік-инфрақұрылым жүргізудің 2 жобасына 50,7 млн. теңге қарастырылды, — дейді облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының бөлім басшысы Асхат Кәрібаев.

Осындай қолдаудың арқасында облыс орталығында бірқатар шағын кәсіпорындар ашылды. Талдықорғандық кәсіпкерлердің бірі инновациялық жобалар конкурсының негізінде бес миллион теңге мемлекеттік грант ұтып алып, шыны талшықтарын шығаруды жолға қойған.

— Мемлекеттік грант сомасына кәсіпорынға Қытайдан қажетті жабдықтар сатып алдық. Сынған әйнектен шыны талшықтарын шығарамыз. Сондықтан біздің жобамыз «жасыл экономика» саласына қатысты. Бұл өз кезегінде аймақтың экологиялық тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады деп есептеймін. Қазір цехта күніне 300 кг шыны талшықтары шығарылады. Оны құрылыс фирмалары құрылыс арматураларын әзірлеуге қажет материал ретінде сатып алуда, — дейді кәсіпорын басшысы Данил Ким.

Сонымен қатар тағы бір талдықорғандық жеке кәсіпкер мемлекеттік гранттың арқасында жиһаз жасайтын цех ашты. Бес миллиондық грантқа кәсіпкер Д.Құмархан сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар әкеліп орнатқан.

— Өзім жиһаз жасаумен бұрыннан айналысамын. Бұған дейін жиһаздың беткі қасбетін Алматыдан тапсырыспен алдыратынбыз, кейде оны ұзақ күтіп, жұмыс тұрып қалатын. Енді мемлекеттен көрсетілген қаржылай қолдаудың арқасында жиһаздың беткі қабатын өзімізге де, өзгелерге де өз цехымызда жасай бастадық. Дәл осындай әмбебап жабдықта әдемі ішкі есіктер жасау да жоспарымда бар. Бірақ ол болашақтың еншісінде — дейді кәсіпкер.

Жалпы Жетісу облысында осы жылдың бірінші жартысында шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 104,7 мыңды құрады. Салада өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтердің көлемі 491,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке түсетін салық түсімдері 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,3 есе өсті. Қазіргі кезде олардағы жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 33 % асады.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында жасөспірімдер арасында 7 суицид жағдайы тіркелді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Алтын-Емел – құландар мекені» фестивалі жалғасын тапты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
724
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.