Бүгінде жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Оның алдын алу үшін Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдарда 19 жерге жылдамдықты анықтайтын бейнекамералар орнатылды.
Сондай-ақ, бақылауды күшейту мақсатында 3 қызметтік автокөлікке «Ekin Patrol» автоматты тіркеу жүйесіне қосылған жылдамдықты өлшегіш құралы орнатылды. Апаттың жай-күйін тұрақтандыру мақсатында жыл басынан облыс аумағында 10 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Алайда, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан өңірде жол-көлік оқиғаларының саны 466, онда жарақат алғандар 683, ал қаза тапқандардың саны 87 болып тұр.
Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері жолда жүргенде абай болып, өзіңіздің және басқалардың өміріне қауіп төндірмей жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрайды.