Сенбі, 31 Мамыр, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісу жұрты әз Наурызды жаңаша қарсы алмақ

13 Наурыз, 2024
Жетісу жұрты әз Наурызды жаңаша қарсы алмақ
3
БӨЛІСУ
35
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Биыл Жетісу облысында Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы жасалды. Соған сәйкес өңірде 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өтпек. Облыс тұрғындары тақырыптық көрмелерді тамашалап, қайырымдылық және экологиялық акцияларға қатыса алады, сол сияқты спорт жарыстары, концерттік бағдарламалар, тарихи мазмұн мен ұлттық нақыштағы басқа да көптеген іс-шараларға куә болады. Тек бір ғана Талдықорған қаласының өзінде 22 наурызда 100-ден астам іс-шара өткізілмекші, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде Наурыз мерекесі қалай тойланатыны туралы «Жетісу медиа» өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев айтып берді.

– Республика көлемінде алуан түрлі шаралармен 10 күн бойы аталып өтетін Ұлыстың Ұлы күні мерекесі Наурызнама деп аталады. Осы онкүндіктің әр күніне мерекелік шаралар белгіленген. Дәстүр бойынша айдың 14-і Наурызнаманың басы Көрісу күнімен басталады. Көрісу күні Амал мерекесі болып саналады. Дәстүр бойынша осы күні облыс орталығында ашылған белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ақсақалдарымен бірге көрісу ұйымдастырылады. «Амал мерекесі» биылдан бастап біздің өңіріміздің әр аудан, ауылдарында да толыққанды аталып өтеді, – деді М. Көлбаев.

Спикердің айтуынша, 15 наурыз Қайырымдылық күні деп белгіленді. Бұл күні қарттар үйіндегі ақсақалдар мен жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға сый-сияпат беріліп, мерекемен құттықтау рәсімі өткізіледі.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күні Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында алғаш тәй-тәй басқан 50 сәбидің тұсауы кесіледі. «Бұл ғұрып осындай ауқымды көлемде бізде алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өту керек. Одан бөлек батагөйлер бата беріп, келін түсіру жоралғылары жасалып, жұрт ұлтымыздың ұмыт бола бастаған өзге де салт-дәстүрлерін тамашалай алады», – деді облыс әкімінің орынбасары.

17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған 10, 20, 30, 40, 50, 60 жыл отасқан отбасылардың фестивалі өтеді. Және отбасылық жұптардан құралған концерттік бағдарлама халықтың назарына ұсынылады.

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осы күні кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ұлтымыздың киім кию үлгісі, оның тарихы жазылған кітаптар қойылады. Қазақ әйелінің қастерлі бас киімі кимешекке арналған бөлек көрме, ұлттық киім байқаулары, ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілерінен дефиле ұйымдастырылады.

19 наурыз – Жаңару күні. Осыған орай жүздеген бастаудың көзін ашады, ағаш көшеттерін отырғызады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні көкпар тарту, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, асық ату, арқан тарту, бес тас, тоғызқұмалақ, қол күресі сынды ұлттық ойындар өткізіледі.

21 наурыз – Ынтымақ күні жүк артқан түйелер бастап, велосипедшілер қостаған көш «Жастар» саябағынан орталық алаңға қарай бет түзейді. Ынтымақ күні мерекелік жәрмеңкелер де ұйымдастырылады.

22 наурыз – Жыл басы – Наурыз мейрамы. Мерекенің шарықтау шағы. Негізгі шаралар сағат таңертеңгі 10-нан бастап кешкі 22:00-ге дейін жалғасады.

 23 наурыз – Тазару күні. Он күндік мерекелік Наурызнама көптеген экологиялық шаралармен жалғасып, мәресіне жетпек. Осы күні «Тазару күні» экологиялық акциясы өтеді. Жетісу өңіріндегі Наурыз мейрамын тойлау еріктілерді, жастарды және баршаны тарта отырып, көшелерді, саябақтар мен алаңдарды тазалаумен түйінделеді.

Фотосуреттер облыс әкімі баспасөз

қызметінің архивінен алынды

Тегтер: Jaraina
Алдыңғы мақала

Киелі қоржын

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
683
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.