Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жоба қолға алынды

4 Желтоқсан, 2025
0
БӨЛІСУ
4
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жаңа жоба қолға алынды. Тәртіп сақшыларының бұл бастамасын облыстық білім басқармасы мен ата-аналар бірлесіп қолдап отыр. Бұл ретте пилоттық жоба ретінде Текелі қаласында екінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары, яғни 2,5 мың оқушы жарық шығылыстырғыш күртешемен қамтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, көріну элементтері бар жарық шығылыстырғыш күртешелер мен киімдер көлік жүргізушілердің әсіресе көру мүмкіндігі нашар жауынды, тұманды күндері немесе қараңғы түскен мезгілде балаларды алыстан байқауына мүмкіндік береді. Сондықтан полиция қызметкерлері бұл жобаны қолдау туралы ұсынысын мектеп оқушыларының ата-аналарына жеткізген болатын.

Облыстық білім басқармасының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңір мектептерінде 1900-дей іс-шара өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу, жолдағы қауіпсіздік, алғашқы көмек көрсету шаралары бойынша жадынамалар, тақырыптық кітапшалар, көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшалар таратылған.

— Облыстағы білім беру ұйымдарында оқу жылы барысында балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол ережесінің белгілерін үйрету, қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты апталықтар өткізілді. Балабақша бүлдіршіндері мен мектептің бастауыш сынып оқушыларына «Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік» атты тақырыпта мултьфильмер көрсетіліп, талдау жасалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері тарапынан жол қиылыстарындағы жол ережелері бойынша экскурсиялар өткізілді. Сондай-ақ аталған тақырыптарға 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізіліп, ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды, — деді облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді облыстық білім басқармасы ұсынды.

Алдыңғы мақала

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қорғас» халықаралық хабы екі есе өсті – бюджетке 3,5 млрд теңге түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.