Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды

7 Қазан, 2024
Жетісуда «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды
0
БӨЛІСУ
6
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Талдықорған қаласында «BIKEN FEST — 2024» Халықаралық театр фестивалі басталды. Халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римованың атындағы бұл өнер мерекесіне елімізбен қатар Қырғызстан, Грузия, Түркияның театр ұжымдары қатысады. Талдықорған драма театрында өткен іс-шараның ашылу салтанатында көпшілікті Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай

— Ерекше талантымен ел есінде қалған Халық әртісі Бикен Римова апамыздың атындағы бұл фестиваль биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Өнерде шекара жоқ». Бұл шараға қатысуға алыс-жақын шет мемлекеттерден айтулы театр ұжымдары келіп отыр. Жетісу облысы үшін ғана емес, еліміздің рухани өмірі үшін бұл фестивальдің орны бөлек. Ортақ өнердің мерейін асырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөлене беріңіздер. Баршаңызға шығармашылық табыс, фестивальда сәттілік  тілеймін, — деді Б.Исабаев.

Атап өтсек, 7-10 қазан аралығында төрт күн бойы Грузияның В. Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Қырғызстаннан Қ. Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры, сол сияқты Қазақстаннан С. Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық драма театры, Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Жамбыл облыстық орыс драма театры, Б. Омаров атындағы «Жас сахна» театры, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры – жалпы саны 8 театр өнер көрсетеді. Қойылымдар Талдықорған театры мен Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның ғимараттарында өтеді. Бұл ретте өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов төрағалық ететін сыншылар алқасы жұмыс істеп, қойылымдарға кәсіби талқылау жасап отырмақ. Оның мүшелерінің сапында елімізбен қатар Татар және Грузин мемлекеттік театрларының белді өкілдері де бар.

Еске салсақ, бұл Халықаралық театр фестивалі Жетісу облысы әкімінің бастамасымен Бикен Римованың 100 жылдығына орай өткен жылы тұңғыш рет өткізілген болатын. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Алдыңғы мақала

Тарихи күн болды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Референдум демократиялық үрдістің оң өзгерісін танытты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.7k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
711
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
671
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
598
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.