Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісуда құтқарушыларға арнайы көліктер тапсырылды

28 Ақпан, 2026
Жетісуда құтқарушыларға арнайы көліктер тапсырылды
1
БӨЛІСУ
12
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және облыс әкімі Бейбіт Исабаев құтқарушыларға арнайы техника кілттерін тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Талдықорғандағы орталық алаңда өткен кілт беру салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы облыста төтенше жағдайлар саласының материалдық базасын нығайтуға жүйелі түрде көңіл бөлінетінін айтты.

— 2022-2025 жылдарда 42 дана техника сатып алынса, соның 18-іне қаражат жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Сонымен қатар биыл жергілікті бюджеттен қаржы лизингі арқылы өрт сөндіру, құтқару бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін 14 бірлік техника сатып алу жоспарда бар. Бұдан бөлек, инфрақұрылымды жақсарту үшін жаңа өрт сөндіру деполарын салу, қолданыстағы ғимараттарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деген Бейбіт Исабаев төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңғырту алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Мұнан соң Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов сөз алып:

— Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің барлық өңірінде материалдық-техникалық база күшейіп келеді. Әсіресе, табиғаты көркем, төрт мезгілі мінезді бұл аймақта құтқару қызметі әрдайым сақадай сай болуы тиіс. Төтенше жағдай орнына жылдам жетіп, шұғыл көмек көрсету үшін техника заман талабына сай болуы шарт. Азаматтық қорғау жүйесіне көрсетіп отырған қолдауы үшін облыс басшылығына ризашылығымды білдіремін, — дей келе, ведомство басшысы қызметтерін адал атқарып жүрген құтқарушыларға еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін жеткізді.

Жаңа көліктерге ие болғандардың бірі Жаркент қаласынағы № 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау аға майоры Жанат Нүсіпов өз пікірін білдірді:

— Бүгін біздің бөлімге 2 арнайы автокөлік берілді. Бұл біз үшін – үлкен қолдау. Төтенше жағдайда жедел әрекет етуге және алдын алуға зор септігін тигізеді. Жаркенттік құтқарушылар көмек көрсетуге, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрқашан дайын, — деді ол.

Бұдан әрі қарай шара арнайы көлік кілттерін тапсыру рәсімімен жалғасты. Талдықорған қаласындағы, Панфилов, Алакөл, Сарқан аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріне және облыстық ТЖД-ға өрт сөндіру автотехникасы, жол талғамайтын жедел-құтқару көліктері, құтқару катерлері т.б. қажетті техникалар тапсырылды.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.