Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

22 Қараша, 2024
Фото AMANAT партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметінен алынды

Фото AMANAT партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметінен алынды

1
БӨЛІСУ
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

«AMANAT» партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын біріктірген форум өтті.

Айтулы жиынның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді  бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу.

Алқалы жиынға «AMANAT» партиясы орталық  аппарат басшысы Мади Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, Жетісу облысы әкімінің орынбасарлары Әлібек Жақанбаев және Диас Есдаулетов,  басқарма басшылары мен облысымыздағы  113  ауылдық окургтердің әкімдері қатысты.

Алғаш ұйымдастырылған форум барысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, ауыл-аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл әкімдерінің сайлауы және олардың атқарар жұмыстарының негізгі мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Облыс әкімінің орынбасары Жақанбаев Әлібек Әскербеұлының айтуынша,  қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету әкімдердің басты міндеті.

«Облыс экономикасын одан әрі дамыту және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін бірлескен, тиімді жұмыстың арқасында Біз облысымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», — деді өңір басшысының орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев форумның ашылу рәсімінде.

Осы орайда, «AMANAT» партиясының аппарат басшысы Мәди Жарылқасынұлы  жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екенін айта келе,  ауыл әкімдері институтының нәтижесі табысты реформаның маңызды міндеті болып табылатынына  баса мән берді.

«Ауыл әкімдерінің форумы қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында өтуде. Форумда айтылған ұсыныстар мен идеялар, тың бастамалар «AMANAT» партиясы атынан сайланған ауыл әкімдерінің табанды жұмысы мен кәсіби шеберлігіне жаңа серпін береді деп есептеймін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізгеннен бері, жыл сайын елді мекен басшыларына қатысты халық  өз таңдауларын жасап келеді. Өңірде  2021 жылдың шілдеден бастап 113 ауыл әкімдерінің сайлауы өткізілді, оның ішінде партиядан ұсынылған 111 (98%) кандидат жеңіске жетті. Бұл – біздің бағдарламаларымыз бен бастамаларымызға халықтың сенімінің айқын дәлелі», — деді Мәди Жарылқасынұлы Оспанов.

«AMANAT» партиясы елді мекендердегі  кәсіпкерлікті дамытуға, экономикалық ахуалды арттыруға  баса назар аударуда.  Дәл осы мақсатта   форум барысында   «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек» жобаларының  және Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жетістіктер талқыланды.

Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру масатында облыс орталығында жобалық кеңсе ашылып, ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап Жетісу облысының барлық аудан, қалаларында 7300 адам оқытылды.

Ал Жетісу облысы бойынша биыл Жол картада айқындалған 94 іс-шараның 24% орындалды. Бірқатарын айтсақ, биыл 349,3 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз, 8 айда 150,2 мың шаршы метр немесе 43% тұрғын үй пайдалануға берілді. жыл соңына дейін 4117 үй беріліп, тұрғын үй кезегі 14%-ға төмендейді. Облыста орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 91,1%. Облыстық деңгейдегі 182 шақырым және 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп, Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жолдың 117 шақырымына асфальт төселді.

 «Халықтың партия мен атқарушы билікке деген сенімі сайлауалды уәделердің орындалуымен тікелей байланысты. Оларды уақытылы және сапалы орындау – баршамыздың басты міндетіміз. Бүгінгі форумның ұйымдастырылуы біз үшін өте маңызды. Шалғайдағы ауыл әкімдерінің жұмысына әртүрлі бағыттар бойынша әдістемелік қолдау қашанда қажет.  Бүгінгі жиында өз жұмысымды жүйелі ұйымдастырудың тағыда бір қырын игердім»,- деді Панфилов ауданы Үлкенағаш  ауылдық округінің әкімі Ермек Нұрахметов.

Форум аясында панелдік сессиялары да ұйымдастырылды. Онда ауыл әкімдері «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру,  партиялық жобаларды ілгерілету, қызметті кәсібилендіруге негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа принциптер мен қадамдар,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік сатып алуды іске асыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдаудың қолжетімді тетіктерін қалыптастыру, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және инвестиция тарту шаралары, қоғамдық-саями ахуал және бұқарамен жұмыс істеу секілді түрлі бағыттарда арнайы мамандардан дәріс алды.

Алдыңғы мақала

Жетісу облысында цифрландыру жөніндегі «Digital Jetisu Forum» алғашқы форумына ІТ саласының 300-ге жуық маманы қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.8k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
883
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
724
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
672
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
599
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.