Жексенбі, 1 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жетісудың Жаркент қаласында облыстағы алғашқы «Жайлы мектеп» салынып бітуге таяды

18 Қазан, 2024
Жетісудың Жаркент қаласында облыстағы алғашқы «Жайлы мектеп» салынып бітуге таяды
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл – облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын мектептердің бірі. Кеше Панфилов ауданына жасаған жұмыс сапары аясында облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған құрылыс нысанына барды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталмыш мектептің құрылысы өткен жылдың тамызында басталған болатын. Бас мердігер ұйымның жоба жетекшісі Амангелді Нұрмановтың айтынша, құрылыс жұмыстары 85% аяқталған. Бүгінгі күні электр желілері мен жылу, су, кәріз жүйелері тартылып бітті. Қазір әрлеу, қасбетті монтаждау және абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысты қараша айында толық аяқтау жоспарланған.

Мектептің ішін, пән кабинеттерін, шеберханалар мен залдарын аралап көрген облыс әкімі құрылыстың сапалы атқарылғанын атап өтті. Мұнан соң жаңа білім мекемесіне кадр тарту жұмыстарының барысын сұрап білді. Мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Дарубаеваның айтуынша,  білім ордасына 92 мұғалім қажет. Жаркенттегі Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов атындағы мектептерден оқушылардың көп ауысуына байланысты 25 мұғалім аталған мектептерден ауысу тәртібімен келеді. Қалған 68 мұғалім конкурс арқылы қабылданады. Жалпы 1200 орынды мектепке қазір 1131 оқушы тіркелген.

— Бұл білім нысаны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынғандықтан мұның ішіндегі құрал-жабдықтардың бәрі заманауи, сондықтан мектепке келетін мұғалімдер жаңа технологиямен жұмыс істей алатын, жаңа үлгідегі жабдықтарды сабақ барысында пайдаланып, сапалы білім беретін ұстаздар болуы керек, — деді Бейбіт Исабаев.

Жаңа мектеп аумағының алаңы 3,1 га болса, ғимарат 12,7 мың ш.м. құрайды. Бастауыш және үлкен сыныптар үшін екі бөлек кіретін есік қарастырылған. Білім нысанының пән кабинеттеріне, шеберханаларына жаңа типтегі құрал-жабдықтар қойылған, соның ішінде визуалды стенд лабораториясы да бар. Бұл – Панфилов ауданының білім нысандарының материалдық-техникалық базасындағы осындай алғашқы лаборатория.

Жалпы Панфилов ауданында бұдан басқа да білім нысандарының құрылыс жұмыстары белсенді жүруде. Мысалы, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» қаражаты есебінен Талды ауылында 300 орындық орта мектеп құрылысы басталып, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданысқа беріледі. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Н. Головацкий атындағы, сондай-ақ Ә. Қастеев атындағы орта мектептердің ғимараттарына және Жамбыл атындағы орта мектеп стадионына күрделі жөндеу, Диханқайрат ауылындағы орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 13 мектептің материалдық-техникалық базасы мен кітапханалары жаңартылды.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Алдыңғы мақала

ЖАРКЕНТ ЖЕРІНДЕГІ ЖҮЗДЕСУ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жетісудың маңызды күрежолдарындағы құрылыс жұмыстары келесі жылы толық аяқталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
686
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.