Жетісу облысына қарасты Өтенай ауылдық округі, Мойнақ ауылының тұрғыны Миллионер Қажыкенұлы №439 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
— Мен де облыс тұрғындары сияқты сайлауға келіп, өз дауысымды өзім сенетін кандидатқа бердім. Біз өз еліміздің болашағына, балаларымыздың келешегіне жауапты екенімізді ұмытпауымыз керек, — дейді М.Қажыкенұлы.
Миллионер Қажыкенұлы мал шаруашылығымен айналысып, сүт өнімдерін өндіреді. Ол 5 бала өсіріп, 10 немере сүйіп отырған қазыналы қария.