Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Саясат айнасы

Жолдау – өрлеу өзегі

8 Қыркүйек, 2025
Жолдау – өрлеу өзегі
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы соңғы жылдары қоғамдағы әр түрлі алыпқашпа пікірлерге жауап берген шынайы жаңару мен жаңғырудың татымды тұжырымы іспетті. Сол себепті де ел ішіндегі қалың қауым Президент пайымдарынан көкірегіне сенім мен үлкен үміт шырағын маздатты. Әркім өзіне керек мәселеге көңіл аударып, келешегіне кең жол ашылатынына нық сенген сыңайлы.

Мемлекет басшысы өз жолдауында ауылшаруашылығына қомақты қаржылай қолдау жасалғанын атап өтті. Алайда мәселенің мәні қаржымен шешілмейтініне де мемлекет басшысы ерекше тоқталды. Әр өңірдің ерекшелігіне қарай ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеп, дүкен сөресіне, яғни ел игілігіне ұсыну туралы ойлары бізді де ойландырып тастады. Отандық кәсіпкерлер уақыт талабына бейімделуі керек екен. Яғни аграрлық кешенде цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды үйрену алдағы тіршілігімізге жеңілдіктер әкеледі деген үмітімізді үкілеп отыр.

Бұл Жолдау таяу болашақта саяси реформаларға және бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың оң жүзеге асуына мұрындық болмақ. Жолдаудағы маңызды басымдық – ел экономикасын арттыруға бағытталған дағдырысқа қарсы кезек күттірмейтін шараларды қабылдау. Бұл бағытты өз тіршілігімізбен сабақтастырсақ, жазиралы Жаркент өңірінде халықтың негізгі тіршілігі мал және егін шаруашылығымен тікелей байланысты. Сонымен қатар экономикаға тірек болар шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, сауда-саттық салалары да өркен жайған. Біздің ауданда жыл сайын 44,5 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары егіліп, өткен жылдың өзінде ғана 175 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Дала өндірісіндегі жетекші дақыл жүгерінің егіс көлемі 23 мың гектардан астам алқапты құрайды. Өңірде 9 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер халыққа әр түрлі қызметтер көрсетіп, аудан экономикасын табыс биігіне көтеруге қызымет етіп келеді.

Жолдауда егін мен мал шаруашылығын барынша жоспарлы дамыту арқылы ішкі нарықтағы ауылшаруашылық өнімдерінің, оның ішінде халық күнделікті тұтынатын ет, сүт бағасын тұрақтандыру мәселесі атап айтылды. Біздің Қазақстан елі табиғи мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған жағдайда, азық-түлік өнімдерінен ешкімге алақан жаймайтыны анық. Жолдаудан қолдау тапқан халық осы мүмкіндіктерге жететініне сенемін.

Тасқын ЖАПАРҚҰЛ,

Ауыл шаруашылық өндірісінің ардагері, кәсіпкер

Алдыңғы мақала

«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бастамаларға негіз көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
3.5k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
942
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
796
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
787
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
748
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
654
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
627
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
547

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2026 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.