Сейсенбі, 3 Маусым, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс
Jaraina.kz
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы
No Result
View All Result
Jaraina.kz
No Result
View All Result
Басты бет Ақпарат ағыны

Жыл сайын Жетісу облысына 80-ге жуық дәрігер келеді

2 Қазан, 2024
Жыл сайын Жетісу облысына 80-ге жуық дәрігер келеді
1
БӨЛІСУ
18
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitterTelegram

Жетісу облысында медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу үшін биылдан бастап көтерме ақы төленеді. Енді өңірге келген дәрігерлер ауылдық жерде жұмыс істейтін болса, 10 млн. теңгеден және қалада жұмыс істеген жағдайда 5 млн. теңгеден алады. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен жылы өңірде дәрігерлік кадрлардың тапшылығы 8%-ға төмендеген. Жыл басынан бері облысқа 76 маман келді, – деп, хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

— Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен облысымызға кәсіби медициналық кадрларды тарту үшін біржолғы көтерме ақы төлеу туралы шешім қабылданды. Биыл осы мақсатқа 595 млн. теңге бөлінді. Осы кезеңде ауылдық жерлерге келген 9 дәрігерге 10 млн. теңгеден, ал, қалаға келген 16 дәрігерге 5 млн. теңгеден төленді. Биылғы шілдеден қазанға дейін жұмысқа қабылданған тағы 45 дәрігерге жыл соңына дейін көтерме ақы төлеуді жоспарлап отырмыз. Бұл қолдауды 3 айлық сынақ мерзімінен сәтті өткен жағдайда алуға болатындығын атап өтемін. Өңірдің медициналық мекемесінде 5 жыл жұмыс істеу қажет. Бұл кезеңде бізге 186 маман жетіспейді, жыл соңына дейін олардың саны азаяды. Бұл ретте бұл мәселені шешу үшін біржолғы көтерме ақы төлеу жақсы демеу болып табылады, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров.

Айта кетейік, жыл сайын облысқа 80-ге жуық жас маман келеді. Солардың бірі – 17 жылдық еңбек өтілі бар хирург Нұрмұхамед Байжанов, ол Қабанбай ауылындағы Алакөл аудандық орталық ауруханасының бөлімшесіне жұмысқа келген. Ол ауылдық ауруханаға жұмысқа 6 ай бұрын келіп, қолдау ретінде 10 млн. теңге көлемінде көтерме ақы алған. Жергілікті әкімдік оның отбасын қажетті тұрғын үймен қамтамасыз етті.

— Әрине, жұмыс істеу оңай емес, кішігірім жарақаттарды қоспағанда, күніне 2-3 күрделі ота жасалады. Бірақ, біз, дәрігерлер бұл жолды өзіміз таңдадық. Біздің басты міндетіміз – адамдарға көмектесу. Балалардың ауыр жарақаттармен түскен күрделі жағдайлар да болды, ондай сәтте минуттың өзі маңызды. Барлық жауапкершілікті өзіңе аласың. Менде 4 сертификат бар. Өзім жалпы ересек, жалпы балалар хирургымын, балалар травматологымын, балалар ортопедімін, балалар урологымын. Сондықтан, емшектегі сәбилерге дейін әртүрлі операциялар жасай аламын. Бөлімде лапароскоп бар екендігі қуантады, бұл барлық ауруханаларда бола бермейді. Ал, заманауи медициналық жабдықты пайдалану жұмысты бірнеше есе жеңілдетеді, операциядан кейін науқастың қалпына келтіру процесін жеделдетеді, — дейді маман.

Алакөл ОАА директорының орынбасары Эльмира Серікованың айтуынша, 5 жаңа маман бағдарлама бойынша қабылданды, оларға 10 млн. теңгеден төленді. Атап айтсақ, 2 хирург, 2 реаниматолог және акушер-гинеколог.

Сондай-ақ, өңірде медициналық кадрлар тапшылығы проблемасын шешумен қатар, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2024 жылдың соңына дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары 94 ауылда пайдалануға беріледі, оның ішінде 3 – жаңа құрылыс, 27 – блокты-модульдік медициналық пункттер, 59 – «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде, тағы 5-еуі күрделі жөндеуден өтеді.

Жетісу облысында қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 261 денсаулық сақтау нысанының 136-сы жаңартылады, жаңарту деңгейі 52%-ды құрайды.

Алдыңғы мақала

Еуропа елдерінде атом энергетикасы қалай дамып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда Атом есімді 5 адам бар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

Ас беру мәдениеті жайлы не білеміз?

6 Наурыз, 2023
2.6k
Халық өз таңдауын жасауға қол жеткізді

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

10 Наурыз, 2023
1.4k
Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

Депутат мемлекетті 5G құрылысын бақылауға шақырды

15 Желтоқсан, 2022
1k
Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

Қытай жеріндегі «Шейіт сай» туралы не білеміз?

19 Қараша, 2022
882
Топыраққа тұншыққан тарих

Топыраққа тұншыққан тарих

4 Қараша, 2022
778
Бала деген бір бақыт

Бала деген бір бақыт

22 Қазан, 2022
705
Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

Өзен аты Өсек пе, Үсек пе?

28 Қазан, 2022
670
Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

Тоқбай ИСАБЕК: Ластанған адамдарға қас жаным

20 Сәуір, 2022
648
Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

Жаркент қаласына 140 жыл емес, 1400 жыл

22 Қазан, 2022
597
Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Халықаралық GDA компаниясы 100 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

23 Сәуір, 2024
545

БІЗ ТУРАЛЫ

Jaraina.kz

Газет Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 13.09.2018 ж. тіркеліп, №17270-Г куәлігі берілген.

ПОРТАЛ ТӘРТІБІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

БАЙЛАНЫС

E-mail: jar-aina@mail.ru
Телефон: +7 (777) 971 57 67
Мекен-жайымыз: ҚР, Жетісу облысы, Жаркент қаласы, Е.Сыпатаев көшесі, 242 үй, 14-пәтер

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт тәртібі
  • PDF нұсқа
  • Байланыс

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат айнасы
  • Өңір айнасы
  • Тарих айнасы
  • Қоғам айнасы
  • Мәдениет айнасы

© 2022 / Jaraina.kz - қоғамдық-саяси, ақпараттық-экономикалық, тарихи-танымдық газетінің сайты / Барлық құқықтар қорғалған.